///

СТАЛИН ӨЛГЕНІН 1978 жылы ЕСТІГЕН ӘЙЕЛ

938 рет қаралды

jagiz basАбакан өзені Алтай, Саян тауларынан бастау алады. Ит тұмсығы өтпейтін ну орманды өлке. Онда Агафья деген кемпір жападан жалғыз өмір түреді екен. Елді мекендер ол тұрған жерден қашық болса керек.

1930-жылдары Сталин діни топтарды қудалай бастағанда староверлер ағымын ұстанатын Агафьяның отбасы Сібір тайгасының оңтүстік жағындағы адам аяғы баспаған елсіз мекенге қашып кеткен. Олар содан бері бүгінгі өркениет атаулыдан жырақта, мемлекеттен тыс ғұмыр кешкен.  Одан бергі ондаған жылдар бойы бұлар қоғамнан мүлде оқшау ғұмыр кешіп келген. Тек 1978 жылы геологиялық барлау жүргізіп, Саян тауының үстінен ұшып жүрген совет геологтары айдаладағы адамдарға кез болған.

Агафья Лыкова осы шаңырақта 1945 жылы дүниеге келіпті.

Агафья әжей «бөтендердің» арасына барып, тұра алмасын біледі, бірақ сырттан келіп жатқан қонақтарды әрдайым қуана қарсы алады.

Көнерген сөздерді, діни терминдерді араластырып сөйлейтіндіктен, оның сөзін тіпті орысша жақсы білетін адамдар да түсіне бермейді. Мысалы, ол «киімді» («одежда») «лопатинха», «жақсыны» («хорошо») «баско», «теріні» («кожа») «имануха», «саңырауқұлақты» («грибы») «путики» дейді.

Агафья 17 жасында аспандағы жасанды жер серігін алғаш рет байқапты.

Жаздыгүні түнде от жағып, далада аспанға, жұлдыздарға қарап отырғанмын. Арасында біреуі біртүрлі жылжып барады екен. «Мынау қызық екен, жұлдыздар бұлай жылжымайды ғой» деп ойладым. Кейіннен әлденелердің жарылғанын, әуеден бірдеңелердің құлағанын көрдік, – дейді ол.

Шалғайдағы Саян тауларының етегіндегі Агафья әжейдің үйі тұрған жер Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан көкке самғайтын ғарыш аппараттарының ұшып өтер жолында жатыр, сондықтан бұл маңайда ғарыш зымырандарының қалдықтары көп.

Ресейдің «Протон» зымыранының бөлшектері – ауа тартқышы мен желдеткіші Агафья Лыкованың үйіне жақын жерге, өзеннің жоғарғы сағасындағы құлаған ағаштың түбіріне шаншылып қалыпты.

Агафья әжейдің оңаша өміріне сыртқы дүниенің қайткенде араласатыны күмән тудырмайды. Бірақ ол «туып-өскен үйінен ешқайда кетпейтінін» айтады.

– Өзендегі балық ормандағының бәрін көреді, – деген Агафья Лыкова өзін сол орманның бір бөлігі сезінеді.

дереккөзі: (Ник Нолдсуорттың материалын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей – азаттық радиосынан.)

 

 

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар