//

АНАҢНАН ТУҒАН СІЗДІҢ АЙНАЛАЙЫН

1304 рет қаралды

esnqulЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕКОВ: -Менің шешем украин қызы. Бірақ шешемнің орыс екенін білмейді екенмін. Кейін бала кезде мектепте метрке сұраған кезде битіп қарасам шешесі украинка деп жазылып тұр. Сосын үйге келіп өй сен орыс екенсің ғой десем, өй сен жаңа біліп жүрсің бе дейді күліп. Қайдан білейін өмірі орысша сөйлемеген ғой. Соғыс кезінде Украинаны немістер бомбалаған кезде үш күннен кейін біздің деревняны бомбалады дейді ол кісі. Ол кісінің өмірінің өзі бір тарих. Ал енді Әшірәлімен айтысқан кезде маған қазақтан қатын алып бер деп тиісті ол кісі. Өзіңнің шешең орыс екен деді. Содан: Сөйлесе сөздің шешені, Жігіттердің көсемі. Ұзынағаштың ұлы мен едім, Жақыпбектің Есені. Айналайын Әшаға, 70-тен жасың асқанда, Татардан қатын алып ап, сенің де сорың бес елі-деп, шешең орыс деген сөз қыр соңымнан қалмайды,   Құрсақта жатқан жас бала шешесін таңдап алмайды.

деркек көзі://bmtv.kz/kz/

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар