//

Амандық Батталов: Долларға тәуелді болмаудың жолдары

1265 рет қаралды

2015 жылдың соңында Алматы  облысының әкімі Амандық Батталов Қаскелең қаласында орналасқан Сулейман Демирель атындағы университетке арнайы ат басын бұрып, студенттер мен оқытушы қауымның көкейіндегі сауалдарға жауап берді.

Ең әуелі, Алматы облысының саяси-әлеуметтік ахуалына тоқталған ол, теңгеге деген сенімділікті арттыру және дедолларизация жасаудың амалдары отандық өндірісті дамыту дегенге маңыз берді.

1936432_198510900500530_6609198270028931815_n

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕКІ УӘДЕСІ

Амандық Ғаббасұлы аталған оқу орнының студенттерімен осыдан тура бір жыл бұрын кездесу өткізіп, студенттерге екі бірдей уәде берген еді. Оның бірі – Университет алдындағы жаяу жүргінші жолының бұндағы жұрттың өміріне қауіп төндіріп, біраз жас адамның өмірден мезгілсіз озуына себеп болған еді. Сол себепті де, жастардың қауіпсіздігі үшін не жер астынан, не жер үстінен аспалы көпір салуды сұраған болатын. Екіншісі, қала аумағынан қашықта орналасқан СДУ студенттерінің басым көпшілігінің қаладан қатынауына күре жолдағы Алтын орда базарындағы кептелістің көп бөгет болатындығы жайында еді. Амандық Батталов бұл уәдесінің алғашқысын орындап, жаяу жүргіншілерге арнап, аспалы көпір салынып, әкім келерден бір күн бұрын пайдаға берілді.

10473609_198510837167203_2241104643988199851_n
Ал Алтынордаға қатысты уәденің әзірге орындалмай тұрғандығы рас. Алматы қаласынан Қаскелеңдегі университетке қатынау үшін кетпелістен алтын уақытын зая кетіріп жүрген студенттер мен ұстаздар бұл жолы да осы мәселені көлденеңдетті. Әкімнің айтуынша, Алтынорда базары арқылы өтетін күре жол Алматы қаласына да, Алматы облысына да тиесілі емес. Ол Алматы-Бишкек күре жолын жалғап жатқандықтан, республикалық маңызға ие. Сол себепті де, қалалық және облыстық әкімшіліктің бұған әлі жете қоймайды екен. Дегенмен, бұл жолдың Алматы облысы мен қаласына қатысы бар болғандықтан, құзырлы органдармен сөйлесе жүріп, ақыры онда айналма жол салудың не аспалы көпір салудың алғашқы жобалау сатысына жеткендігін жеткізді әкім. Демек, алдағы бір-екі жылда бұл проблема шешіліп қалатын секілді.

ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ КӨБЕЙТУ

10401038_198510897167197_1701829227677220973_n

Әкім мырзаға залдан қойылған сұрақтың бірі донор аймақ болып есептелінетін Алматы облысының отандық өнімді көбейту және Дүниежүзі сауда ұйымының талаптарына жауап беру мақсатында қандай жұмыстар істелініп жатқандығы жайында болды.

Амандық Батталов мырза Алматы облысында сүт зауыттарының да, мал басының да көбейіп келе жатқандығын айтады. Алайда бұл зауыттардың санитарлық нормалары ДСҰ талаптарына сай емес, ал оңай жолмен баюды мақсат еткен алыпсатарлар ет пен сүт өнімдерін өндірушілерден арзан бағаға алып, тұтынушыларға екі есе қымбат бағаға сатып пайда тауып жүргендердің  бұдан былай асығы алшысынан түспейтін болады. Кез келген өндіріс ошағы ұйымдастырылған және ДСҰ талаптарына жауап беретіндей болуы тиіс.

1924006_525926890917739_2102078614403217096_nСондай-ақ, әкім биылғы жылдың жаңалығы ретінде Кеңес одағы кезінде дүрілдеп тұрған Көксу қант зауытының қайта іске қосылуын атады. Бүгінде қант зауыты шикізат ретінде аудандардан қант қызылшасын алады, ал зауыттың күнделікті қуаты 1,500 тонна қант өндіруге жоспарланған. Сөйтіп отандық өнімді дамытудың алғашқы қадамдары жасала бастады деген Батталов долларға деген тәуелділіктен құтылудың бір жолы осы екендігін қадап айтты.

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар