Алғыс күні

615 рет қаралды

Айта алдым ба, әкеме алғысымды,

Әкемізден үйрендік арлы сынды.

Ағат бассам қоғамым қиып түсер,

Әкем өзі шыңаған шалғы сынды.

Айта алдым ба, Анама алғысымды,

Ойлағанда о жақты жан қысылды.

Адастырған замана-ай, айта алмаймыз,

Аман сөздің атасы Армысыңды.

Айта алдым ба, бауырға, досыма алғыс,

Бірікенде бес саусақ қосылар күш.

Аузымыздан шықса да әдемі сөз,

Ала шапқын қалада, ауылда қыс.

Айта алдым ба, алғысты сүйген жарға,

Жарсыз жалғыз бақытты сүрген бар ма?

Бәйек болып мен үшін, отқа түсіп,

Талай рет маңдайы тиген жарға.

Айта алдым ба, мың алғыс ағайынға,

Жақсы көрем тарланын, тағайын да.

Асау жылдар белгісі қалып қойған,

Ақ шаш болса  бір тал да самайымда.

Жатқа да айтам, жаманға алғысымды,

Қайдан мұта қоямыз қанды суды.

Тәубә бүгін десек те кейбір кезде,

Көтереді күйкі өмір қан қысымды…

Айтам-айтам, бәріңе алғысымды,

Аялаған адамын, аң-құсымды.

Анашымның жұп-жұмсақ мейіріндей,

Көктем келді…  Исінтіп қарлы шыңды.

Алғыс күні…

01.03.2016 ж.

Бақытбек Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар