//

“Отбасында ұл балалар мен қыздар да болады” – “Дүниетану” оқулығындағы жаңалықтың сиқы

1149 рет қаралды
1

дуние тануМектеп оқушыларына арналған оқулықтардың сыртқы сапасы, ішкі мазмұны туралы сын-пікірлер аз айтылып жатқан жоқ. Оқу құралдардың мұқабалары айтарлықтай жақсарды. Ал олардың ішкі мазмұны, мәтіндердің мәні оқушылардың жас шамасы, қарым-қабылеті, шама-шарқына, деңгейіне сай ма дегенге келген де күмілжіп қаламыз. Өйткені кейбір оқулықтарды парақтап, ондағы мәтіндерді оқығанда бала тұрмақ, үлкеннің өзі бетінен оты шығатын, ұялғаннан жерге кіріп кете жаздайтын жағдайлар көптеп кезігеді. Оқу құралдары  балалардың жас-шамасы, жеткіншектердің ой-өрісіне қарай жасалуы керек емес пе? Ендеше біздің оқулық құрастырушы авторларымыз осы мәселені, ең негізгі мәселені ескермейтін сияқты. Әйтеуір енуге тиісті тақырып болса болды. Онда не айтылып, не қойылып жатыр, онда шатағы жоқ сияқты. Жоқ дейтін себебіміз жоғарыда айтқанымыздай кейбір мәтіндерден сорақылықтың сойқанын көргенде балаларға білім, тәрбие бергеннен гөрі әдейі, жымысқы арам пиғыл арқылы олардың танымдық көзқарасын, ділін бұзу үшін солай жасай ма деген ойға қаласың. Мысалы: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 4-сыныбына арналған, 2015 жылы “Алматыкітап” баспасынан жарық көрген Қ.Аймағанбетова, Н.А.Ким, Г.Д.Мырзақанова, Т.Г.Напалковалар құрастырған «Дүние тану» оқулығының қосымшасының 6-бетінде «Отбасындағы балалар» деген тақырып қойылған авторы белгісіз мәтін бар. Авторы көрсетілмегендіктен бұл мәтінді оқулық құрастырушылардың өздері жазған деп көрдік. Енді осы мәтінге назар аударыңыз. Авторлардың айтпағы не? 4-сыныптың, 9-10 жасар балаларына нені ұқтырмақ, оларға қандай танымдық тағылым, тәрбие бермек? Авторлардың көздегені де осы сұрақтардың үдесінен шығу емес пе?! Иә! Олай болса, «Отбасындағы балалар» дегенді қалай түсінуге болады? Осы тақырыптың өзінде ешқандай қазақы түсінік жоқ. Қазақ баласы «отбасындағы балалар» деп айта ма? Қазақ тілінде ондай тіркес бар ма? Міне, осының өзі-ақ оқулық құрастырушылардың ашып отырған бірінші «жаңалығы». Қойшы, зияны шамалы ғой деп ары қарай оқығанда одан да сорақысына жолығасыз. Оқиық. «Отбасылар қалада және ауылда тұрады». Осыны оқыған бала: «Сонда қалай, қала мен ауылдан тыс жерлерде де (мысалы үңгірлерде) мекен ететін отбасылары болғаны ма?» деген сұраққа не деп жауап береріңді білмей қалады екенсің. «Әр отбасында ер балалар мен қыздар бар». Ұл да бала, қыз да бала емес пе? Авторлар оқушыдан: «Олардың арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?» деп сұрайды. Ал жауап беріңіз! Оқушы бетін басып, жымың-жымың қағады. Сен төмен қарайсың. «Адамдардың бәрінің дене құрылысы бірдей: аяқ-қолы, басы, денесі болады» дейді авторлар. 4-сыныптың оқушысы білмейтін «жаңалық» емес пе? «Сонымен қатар олардың жасы мен жынысында айырмашылық бар… Кәмелеттік жасқа толған жігіттер мен қыздар (?) отбасын құрады» дейді оқулық құрастырып отырған «ғұламалар» тағы бір «жаңалық» ашып. Оқушы сұрайды, «апай, жас дегені түсінікті, жыныс дегеніміз не?» деп… Біздің түсінгеніміз оқулық құрастырушылар 4-сыныптың 9-10 жастағы балаларына осы мәтінді ұсынғандағы бар айтпағын соңғы екі сөйлемге сыйдырса керек.

Бұл не сонда? Немқұрайлылық па, әлде нем кетеді ме? Әлде саналы түрлде жасалынып жатқан, балаларды бесіктен белі шықпай жатып жастайынан тәрбиесіздік пен көргенсіздікке баулу ма? Оқулықтағы олқылықтар жойыла ма? Оларды жасап отырғандарға тек дейтін адам бар ма? Осылай бетімен кете бере ме?

 Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Орысқулдардың ойының жеткен жері сол ғой. Меніңше мундай түсініктеме бізден басқа əлемнің ешбір елінде оқытылмайды .

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар