//

Аида Жантілеуова: Театр сахнасы киелі, кинода өз қолтаңбамды қалдырғым келеді

1490 рет қаралды
1

20141029002601Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Аида Жантілеуова өнер жолында көптеген жетістіктерге жетіп келеді. Кино саласында да халықтың көңілінен шыққан  сүйікті актрисамызбен әңгімелесудің сәті түскен еді.

– Cәлеметсіз бе, Аида ханым! Жақында ғана қызыңыз Луара 1 жасқа толды. Құтты болсын! Қуанышыңызға ортақпыз! Өнер мен бірге отбасын қатар алып жүру оңай емес. Қиналып жүрген жоқсыз ба?

– Рахмет! Өнерде жүрген үлкен апа-әпкелеріміз, жастарды сыйлаймын, бағалаймын. Өйткені өнер деген ауыр жолды отбасымен бірге арқалап жүр. Өзімнің қазір басымнан өтіп жатыр. Ата-енеміз қолдап, баламызды бағысып, жолдасым түсіністік танытып, қолдағанның өзінде екі жаққа да бірдей көңіл бөлу, екі жаққа бірдей уақыт табу және оның бәрін ойдағыдай іске асыру оңай емес. Дегенменде Құдай күш-қуат берген соң соны тиімді пайдалануға тырысамын. Қай жерге болмасын, қайда болмасын үлгеруге және де екі жақтың да көңілін қалдырмауға  тырысып жүремін және өмір бойы солай болады деймін. Адам не ойласа, сол болады ғой. Сондықтан тек жақсы нәрсе ойлаймын. Үлгеремін. Бәрі де қолымнан келеді деген позитивті ұстану керек.(күлімдеп)

–  Енді көрермендерді қызықтыратын сұрақ. Ерғазы ағамыз жөнінде толығырақ мәлімет берсеңіз және сіздің жүрегіңізіді қалай баурап алды?

Қазір көп айтуға да қорқасың. Көбі қызығады. Қазіргі заманда өз өміріңнен гөрі өзгенің өмірін қызықтап, соған еліктеп өмір сүретіндер көп. Әр адамның өз ұстанымымен, өз мақсатымен өмір сүргені жақсы. Өнер адамдарының өмірі қарапайым халыққа, соның ішінде жастарға өте қызық. Интернетте, инстаграм желісінде де өзің жайлы ақпаратты салғанынды қалап тұрады. Ондай нәрселерді көп айтпауға, салмауға тырысып жүремін. Дегенменде жолдасымның менің жүрегімді қалай жаулап алғаны барлығына қызық екенін білемін. 2 жыл тұрмыста болсам да, әлі күнге дейін «сенің жүрегіңді  қалай жаурап алды?» деп сұрап жатады. Енді ол шетелдерде оқыған. Көпті көрген. Көп адамдармен қызметтес ер азамат болғандықтан, ол менің жүрегімді жаулап алуға өте тиімді, пайдалы, ыңғайлы нәрселерді пайдаланған. Мені дүниелермен, қымбат заттармен қызықтыра алмайтынына дейін білген. Табиғи, қолдан жасалған, еңбекпен келген дүниелермен туған күнімде сыйлықтар жасап, Парижге апарып, үлкен Эйфель мұнарасының ең жоғарысына шығып алып, биікте жүрегін ұсынғаны- барлығын өзі ойластырып, менің өнеріме қатысты қылып, спектакль қойған. Сол спектакльде өзі басты рөлді сомдап, үйленгенге дейін өзінің мақсаттарынның барлығын орындап шықты. Оның бәрі ерлік. Кез келгеннің қолынан келмейді. Кейбіреулері жоқ деп айтып қалса, еңбегімнің бәрі зая кетіп қалады деп ойлауы мүмкін. Ол еш қорықпады. Өз-өзіңе сенімді. Ер азамат сондай болуы тиіс. Айтқанын жасай алатын. Сөзінде тұра алатын. Сондай өзінің жақсы қасиеттерімен менің жүрегімнен орын алды. Аллаға шүкір қазір бақытты өмір сүріп жатырмыз. Жас отбасымыз. Өмір бойы сондай жақсы күндерде, жақсы сәттерде өмір сүреміз деп біз тек алға ұмтыламыз.

ttWGKoCkNNQАл енді келін рөлін керемет сомдайсыз. Ал шынайы  өмірде қандай келін, қандай жар, қандай анасыз?

Енді мінез деген барлық адамда болады. Ең бастысы, жүрегіннің тазалығы, ақтығы, ешкімге жаманшылығы жоқ болса, қалғаны керек емес қылығыңмен, кейбір мінезіңмен өзің күресіп-ақ жеңуге болады. Мен өзімді керемет адаммын демеймін. Менің де қырсық, ашулансам ұзаққа кетіп қалатын мінездерім бар. Бірақ оның бәрін түзетудемін. Отбасы болған соң, оның үстіне жолдасым өзімнен үлкен болған соң ол үлкендігін көрсетеді. Мен кішілігімді көрсетемін. Сыйластықпен өмір сүруге талпынып жүреміз.

 Ал қандай келін екенімді менің қайын жұртымнан, ата-енемнен  сұрау керек шығар.(күлімдеп) Бірақ мен барынша  ол кісілердің алдынан кесіп өтпеуге, ренжітпеуге, артық сөз айтпауға, ол кісілердің сыртынан сөйлемеуге әрқашан өзімді мұқият қарап жүремін. Кейбір келіндер шыдамай ата-енесін жамандап жатады. Менде ондай жоқ. Ол кісілерде оған  себеп те болып жатқан жоқ. Баламыз бағулы, жұмыста жүрген кезде тамағымыз пісірулі, үйімізге шаршап келгенде алдымыздан жайнап, жадырап, күліп шыққан кезде, бақытты берекені сезінгеннен кейін оларға қабақ түю, қырсық мінезіңді көрсету дегенге орын болмайды. Сондықтан отбасының, берекесі әйелдің қолында дейді. Сол айтқан нәрселерді ұстанып жүремін. Өзімнің анамның да тәрбиесі, айтатын ақылы да сол. Ата-ененнің алдынан өтпе, артық сөйлеме, көңілдеріне тиетін ештеңе айтпа, мінезіңді көрсетпе, көрсетсең күйеуіңе көрсет деген сияқты өзінің ақылдарын айтып тұрады. Жан-жақтан ақыл айтып, сенің тілеуіңді тілеп отырған кезде, ата-анамыз бар кезде  жамандыққа баруға құқығымыз да жоқ.

–  Енді өнер әлеміне оралсақ. Егер сізде таңдау тұрса,  театр мен киноның қайсысын қалар едіңіз?

Бұрын театр дейтінмін. Егерде кино әлемінде тарихи, керемет, есте қаларлық кино болса, жақсы «Мен» деген актер-актрисалармен түсу бұйырып тұрса, ендеше мен соны қалар едім. Себебі жастығымыз мәңгілік емес. Жас кезімізде тарихта қалатын дүниелер шығып, соған ұсыныс түсіп жатса, менің таңдауым сол болар еді.  

–  Massaget.kz сайтына берген сұхбатыңызда “Театрмен ауырған адам өмір бойы жазылуы мүмкін емес деп ойлаймын. Мен үшін оның емі жоқ сияқты” деп айтқан екенсіз. Театрдың қандай қасиеті сізді ұстап тұр?

– «Мамандық пен жар таңдауда қателеспеу керек» деп айтып жатады ғой. Шыныменде өзіңнің жаның, жүрегің қаласа, беріліп жасайсың. Сахнада үлкен рөл, кіші рөл деген болмайды. Театрды сағынған кезде халықпен бірге сахнада бір ауыз сөз айтқанның өзінде содан үлкен ләзәт аласың. «Сахна киелі» дейді. Жамандықты, лас нәрсені көтермейді. Ол- ақиқат. Талай көзіміз жетіп жүр. Сахнаның тынысы, ескі декорациялардың, ағаштардың иісі -бәрі кәдімгідей біздің жанымызға, жүрегімізге жақын.

“Қызыл орамалды шынарым”, “Ай-Қарагөз…” т,б қойылымдар мен сериалдардың қайсын алсақ та, жағымды образды сомдағансыз. Ал сізді жағымсыз рөлде көре аламыз ба?

– Мен жағымсыз рөлді де сомдағым келеді. Себебі театрға келгелі тек жағымды рөлді сомдап, штампталып қалудан қорқамын. Егерде мінезді, басқаша жағымсыз рөлдер болса, мен қуана-қуана ойнар едім. Себебі мен өзімді басқа қырымнан көрсеткім келеді. Ашқым келеді. Өзімді іштей сындырғым келеді.(күлімдеп) Қандай рөл бұйырады соны сомдауға дайынмын.

 

Әр адам ізденіс үстінде жүруі керек. Әсіресе өнер адамы. Театрдан бөлек өзіңізді қандай рухани азықтармен шыңдайсыз?

– Жалпы шығармашылыққа жақын адамның көбіне табиғат, тау, ағып жатқан бұлақ, таза ауаның иісінің өзі, жаңбырдан кейінгі ауа райы- бәрі әсер етеді. Бізді сезімтал жандар деп айтып жатады ғой. Ол шынымен де солай. Өзіміз де солай рухани нәр аламыз. Қай жерде дұрыс, қай жерде бұрыс, кімді ренжіттім деп өзімнің жасағандарыма іштей есеп беремін.   Оның бәрі оймен адамға әсер етеді. Оның үстіне кішкентайымыз бар. Бәріміз  бірге саябақтарға барып демалып, рухани азық алып тұрамыз.

– Қыз балаға өнер жолын таңдаған дұрыс па? Өзіңіздің біраз тәжірибеңіз бар. Инабатты қыз, асыл жар, аяулы ана ретінде  қыздарға қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз?

-Ата-ана балаларының өз жолын жалғастырғанын қалайды. Кез келген ата-ана өз баласына жамандық тілемейді. Олар баласының таңдауына қарсы болмаса екен. Себебі, жаны қаламаса, амалсыздан жүреді. Не істеген жұмысының нәтижесін көрмейді. Әр нәрсе өз қалауыңмен болады. Менің де әкем өзінің ізін жалғастырып, сот қызметкері болғанымды қалады. Бірақ мен өзімнің қалауыммен, ата-анамның рұқсатымен өнер әлеміне келдім.  Өнер жолы ауыр жол. Көрінбей тасада қалып жатқан  қаншама актер-актрисалар бар. Өнер әлемінде жүрген соң, ол жағдай трагедия деп ойлаймын. Егер қыз бала өнер жолын таңдаса, оның қиыншылығына да, қуанышына да, орта жолда кездесетін жағымсыз нәрселердің бәріне төзе білуі керек. Ссондықтан әлсіздікті өнер жақсы көрмейді. Мықты болу керексің. Бұйырмаған кезде шыдамды болу қажет. Тек жақсы оймен, жақсы көңіл-күймен, ықыласпен ғана таңдап, жұмыс ісегені дұрыс.

 Сұхбатыңызға  рахмет. Өнерде, отбасынызда жалпы өмірде тек биіктерден көріне беріңіз.

Жадыра Бұлжан,

СДУ-дің 3-курс студенті

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар