////

Өртелмей қалған сурет

1776 рет қаралды

 Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының орталығы Қарауылда Шәукен атанып кеткен Оразғали Әбдуәлиұлы деген мылқау ақсақал болды. Ол кісі ОГПУ-дің кеңсесінде от жағушы болып ұзақ жыл жұмысістеген екен. Шәкәрім атылғаннан кейін бүкіл дүниелері тәркіленіп, ОГПУ-ға жинаған кітаптары отқа жағылады. Отқа жағуды Шәукенге тапсырғанда, қағаз арасынан Шәкерімнің суретін көріп қалады да, екі бүктеп, қалтасына салып алған. Мылқау қария суретті1950-жылдардың ортасына дейін сақтап келген. Мұхтар Әуезовтің қазіргі мұражайы боп тұрған үйі салынып, қоныс тойын жасамаққа сол үйге қонақ шақырады. Елден Әрхам, Балтақай, Кәмендермен бірге Шәукенді де шақырады. Шәукен сол жерде «Ахатты (Шәкәрімнің ұлы) кездестіріп қалам» деген оймен суретті алып барып, Ахатқа табыс етеді.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар