///

“Шалавамен” шайқасқан “Русский мир”

920 рет қаралды

13427916_1069046266504130_4893097482470035989_nУкраиналық саясаткер Ирина Фарионның орыс тілділерге тисе сөйлейтінін жақтырмаған Божко «шалава» деп салды. Генерал-лейтенат, ТЖ үшін ұзақ уақыт жауапты болып, апаттан тек сол құтқарады деп үміт артқан «супермен», мәжілісмен, Қазақстан саясатына ойып тұрып орнығып алған Божконың бұл сөзін елемеске болмас. Ол РФ саясаткері болса екі мемлекет абаласып жатыр дей салар едік. Бірақ, Украина елшілігі В.Божкоға жауап қайырғанда «представитель «русского мира»» деген тіркесті жиі қолданыпты. Тіпті, жауап хатты « Верим, что граждане Казахстана сами решат, хотят ли они, чтобы их матерей, жен и дочерей, защищающих свое право говорить на родном языке, представители “русского мира” называли “шалавами”, — деп аяқтапты. 19 ғасырдағы русский мир мен 21 ғасырдағы «Русский мирдың» айырмасы жер мен көктей. Өткенде бірінің Ресей арнасынан «Қазақстанда жер болмаған, ел болмаған, орыстар адам еткен, қайта империяға қосу керек» деп көкіп отырғанын баршамыз көрдік, ашуландық. Ол ресейлік азамат. Ал, Божко қай «русский мирдың» өкілі? Қазақстан саясаткеріне кез келген айыпты таға салатын Украина елшілігі есінен адаса қоймаған шығар? Енді басты сұрақ қазақтың тілі, жері деп шырқыраған қазақ депутатына (ондайлар табылса әрине) мәжілістің вице-спикері «шалава» деп бедірейіп отырса жағдайымыз қалай болады? РФ вицесі Жириновскийге күліп жүргенде, өзімізде соның көшірмесі пайда болғандай. Өйткені, Божко ұятты қылығына «қызбалансам өз-өзімді ұстай алмай қаламын» дегендей мәнерде жауап беріпті. Өңкиген вице өз дегеніне көнбегендерді өкіртіп сабап жатса…

Серік Әбікеннің facebook парақшасынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар