//

Алыстағы ағайын табиғат апатына ұшырады

823 рет қаралды
1

selЖылағанды уатып, қайғырғанды жұбату, қиындық көргенге, қорғансызға қол ұшын беру – қамқорлық. Қамқорлықта шекара болмайды!
Мұңғұлияның Баян-Өлгей аймағындағы қандастарымыз тілсіз жау – селден, су тасқынынан зардап шегіп жатыр. Елі бөлек, еншісі бөлек дегенмен, қазағымның бір бөлшегі табиғат апатына ұшырап зардап шегіп жатыр. Мұндай жағдайда қайғыға, қасыретке ортақтасу кісілік ісі. Қайғы бөліссе азаяды. Тұтқиылдан келген запаттан аман-есен тез құтылып кетуінеТілеулестігімізді білдірейік, ағайын!
Жер жүзі қазақтарының қамқоры – Қазақстан, оның үкіметі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ресми көмек ұйымдастырады деп сенеміз!
Барша азаматтарды алыстағы бауырларға қолдау көрсетіп, көмек қолын созуға шақырамыз!
Ата-бабасын түгендеп астан ас беріп жататын ағайындарда мұндай қиын-қыстау кезде атойлап алға шығып, көмек керуен ұйымдастырады деп үміттенеміз!
Азаматтар бас болып, жылу жинап жатыр. Көмек қолын созамын деген азамат төменде көрсетілген есеп-шотқа мүмкіндігінің шегінде қаражат аударуына болады.

Есеп-шот Аятжан Ахметжан есімді азаматтың атында:

Халық банк:
4402 5775 0180 1032
ИНН: 860718399050

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Апат. Баспанасыз қалған халық. Сәбиінен айырылып, аңырап қалған ана. Пана тілеген жандар. Мөлдіреген көздер. Көкірегі қарс айырылған ата-аналар. Талай арман мен қиял осы селмен бірге шайылғандай. Баян-Өлгийдегі бұршақ аралас жауған селден кейінгі көрініс осы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар