///

“Кәрім Мәсімов Баян-Өлгийге барады”……. дейді

661 рет қаралды
1

км14 шілде күні ҚР-ның Премьер-министрі Улаанбаатар қаласында басталатын Азия – Еуропа форумының XI – саммитіне қатысады. Іссапар аясында Баян-Өлгий аймағына аялдап, халық көпшілікпен орталық алаңда кездесу ұйымдастырады. Бұл туралы аймақ әкімінің баспасөз қызметі хабарлады – дейді BAQ.kz тілшісі.

Үкімет басшысының бұл өңірге алғаш рет баруы. Және 10-11 шілде күндері аймақ орталығында орын алған төтенше оқиғаға да тұспа-тұс келген сапарда алыстағы ағайынның жай-күйімен танысатын болады. Атажұрттағы ағайының алаңдаушылығын жеткізіп, қандай көмек көрсете алатындықтары жайлы да әңгіме қозғалуы мүмкін. Қалай дегенмен де Кәрім Мәсімовтің бұл сапары атажұрттан жырақтағы ағайынның көңіліне демеу болар деген үміттеміз.

Қыр баласы

Дерек көзі: BAQ.kz

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. ҚР-ның Премьер-министрі Баян-Өлгийге барды. Бұл – Қазақ Елінің жер жүзінің түкпір-түкпірінде жүрген қазақтың қамқоршысы, артындағы сүйеніші, іздеушісі, қорғаны екенін көрсеткен зор оқиға. Бұл – Елбасының шетелдердегі ағайындарды әрдайым назарынан тыс қалдырмайтындығының жарқын куәсы. Елің, жерің, Отаның бар деген осы! Жылағанды уатып, қайғырғанды жұбатқаннан артық не керек. Осының өзі неге тұрады. Осының өзі елдің еңсесін көтеріп, рух-жігерін аспандатып тасытып тастаған жоқ па! Қазақ Елі жасасын!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар