////

Астанада бір мектепке он жылдан бері М. Шоқай аты берілмей келеді. Неге?

1263 рет қаралды

82e04c70-e9e2-4afc-96cc-00fc8d3b35ea

Астанада №51 мектеп гимназиясының директоры Күнімхан Дүйсенова Ыстамбұлда от жаққан жерімізге келіп дастарқандас болып шай ішіп отырмыз. Осы білімді директор, асыл мұғалім қазақтың біртуар мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың атын өзі басқарып отырған мектепке беруді он жылдан бері армандап келеді екен.
Осы орайда Шоқайтанушы ғалым ретінде бізбен танысқысы келетінін, оның сәтінің бүгін түскенін айтып қуанышын білдірді. Оның бүкіл арманы 1917 жылдан 1941 жылға дейін Қазақстан тәуелсіздігі үшін қажымай күрес жүргізен және осы ұлы мақсат жолында жанын құрбан қылған Мұстафа Шоқайдың атын өзі басқарып отырған мектепке беру. Бірақ бұл туралы тиісті орындарға берген өтініш құжаттары он жылдан бері қабылданбай келеді екен.

51fa56a6-c60b-4dfc-8374-501f6325fa7eИә бұл әр адам түсіне бермейтін күрделі мәселе. Бұл Қазақстанда ұлттық тарихи сананың әлі толық қалпына келмегендігін айқын белгілерінің бірі. Бір мақаламда жазып едім: Саяси тәуелсіздік бір күнде келеді. Ал сана тәуелсіздігі бір күнде келмейді, оған ондаған жылдар керек. Мәселен Қазақстан Парламенті  1991 жылдың 16 желтоқанында шешім қабылдап, елдің тәуелсіздігін жариялады. Бітті. Сөйтіп Қазақстан сол кезде бір минутта тәуелсіз мемлекет болып шыға келді. Ал сана тәуелсіздігі болса, солай бір минутта, бір сағатта, тіп бір жыл, он жылда пайда бола алмайды. Кеңестік үкіметтің қазақ халқының санасына 74 жыл бойы сіңірген өзінің ұлттық тарихына, ұлы мемлекет қайраткерлеріне немқұрайды, тіпті оларды менсінбеу, сатқын ретінде қарауға негізделген идеологиясынан арылу оңай емес. Оған ондаған жыл керек.

Міне тәуелсіздікке 25 жыл толса да, Қазақстан тәуелсіздігінің басты 984e8e48-c80a-4522-8ebb-919a03918536тұлғасының бірі Мұстафа Шоқайға әлі де болса ел ордасы және тәуелсіздіктің символ қаласы деп аталған Астанада бір көше аты берілмей отырғанын басқа қалай түсінеміз! Көше былай тұрсын, директоры он жылдан бері бүкіл құжаттарды дайындап жанын салып үкіметтік орындарға өтініш хаттар берсе де, бір мектепке Шоқай атының берілуіне ұлықсат етілмей отыр. Бұған кім кедергі болып отыр? Әрине әлі Кеңестік идеологиядан тәуелсіздігін толық ала алмай келе жатқан  кейбір адамдардың санасы.

Солай болса да, Күнімхан директор үмітін жоғалтпаған. Оның ендігі үміті, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты биыл беріліп қалуы. Лайым солай болғай!

Әбдіуақап Қара
Мимар Синан Көркем Өнер Университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар