/

2016 жылы шілденің 16-сы. Түркия президенті Режеп Ердоғанның сөзі:

733 рет қаралды

Er doganСтамбулдың Ататүрік атындағы әуежайына сенбі күні ұшақпен жеткен Түркия президенті Режеп Ердоған өзін қолдаушылар алдында сөйлеген сөзінде “Түркияда халықтың ерік-жігерінен жоғары билік жоқ” деп мәлімдеген.

Елде мемлекеттік төңкерісті «әскерилердің шағын тобы» жасамақ болғанын айтқан Ердоған «бүлікшілер қандай қызмет атқаратындығына қарамастан бұл үшін қатаң жазаға тартылады» дегоен. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Бұған дейін Ердоған елде төңкеріс жасап, билікке ие болғысы келген әскерилердің «мақсаты іске аспайтынын» айтып, халықты «демократияны құтқаруға» шақырған. Бұдан соң президентті қолдайтын тұрғындар көшеге шығып, әскерилерге бағынбай, оларды бүліктен бас тартуға көндіруге тырысты. Жергілікті ақпарат құралдары бүлікті ұйымдастырған бірқатар лауазымды әскери басшылардың ұсталғаны туралы хабарлады.

2016 жылы шілденің 16-сы. Түркия президенті Режеп Ердоғанның сөзі:

“Бұл Байрақ иілмес!

Бұл Азан тыйылмас!

Бұл Отан бөлінбес!”.

Түркиядағы алмағайып жағдайдың жедел тұрақтануына қолдау білдіреміз!

Мінбер-ақпарат. Дереккөзі azattyq.org

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар