//

Путин мен Ердоған Түркиядағы қарулы бүлік жайлы сөйлескен

660 рет қаралды

Er dogan men putin2016 жылы шілденің 15-нен 16-на қараған түні Түркияда әскери жекеленген топтардың күшімен мемлекетте төңкеріс жасамақ болғандығын, ал олардың бұл ниеттері халық тарапынан қолдау таппай сәтсіздікке ұшыраған болатын. Түриядағы жағдайға байланысты Елбасымыз Түркия президенті Ердоғанға жеделхат жолдағанын, онда Қазақ Елінің де Түркияның бауырлас халқымен бірге екенін жеткізгенін хабарлағанбыз.

Қандай бір елдің ішкі ахуалы оның сыртқы көршілерімен, соның ішінде шекералас көршілерімен қарым-қатынасымен тығыз байланысып жатады. Ал Түркия үшін Ресей аса маңызды көршілерінің бірі. Осы екі елдің арасындағы татулық біздің елге де үлкен әсер етеді.

Ресей президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекетке қатысты «мемлекет өмірінде конституцияға қайшы әрекеттер мен зорлық-зомбылыққа жол беруге болмайтыны» туралы мәлімдеген. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Путин шілденің 16-сына ауған түні болған қақтығыстарда қаза тапқандарға байланысты Ердоғанға көңіл айтқан. Сонымен бірге, ресейлік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі туралы да сөз еткен. Оған жауабында Ердоған «бұған байланысты барлық қажетті шаралар қабылданатын болады» деп мәлімдеген деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар