Жанарбек Ақыби: Мерген Жаңжұң

1377 рет қаралды

janarbek 1Жаңжұң атақты ақын Кәкей Жаңжұңұлының әкесі. Осы кісі жасынан аңшылықты кәсіп еткен аса мерген адам болыпты. Аңшы адам аңға шыққан кезінде неше түрлі қызық та қиын оқиғаларға кез болып жатады.  Ал Жаңжұң өзінің көзімен көрген, басынан кешірген оқиғаларды майын тамызып айтып отыратын әгімешіл кісі болса керек. Сондай әңгімелерін Байөлгейлік белгілі таушы Жанарбек Ақби жинақтап жүрген көрінеді. Соның бір парасын Мінбер.кз. порталының оқырмандарына ұсынып отырмыз. (Суретте: Жанарбек Ақби).

Мейрімді аңшы

Қазақ ырымшыл халық қой Қолдының үйіне қытайдың ұлығы Жаңжұң келіп түседі. Қонақшыл қазақ қонағына несін аясын мал сойылады. Ән-күй тартылады. Сол түні баласы Қожабердінің көптен күткен тілеуі қабыл болып әйелі торсық шеке ұл табады. Немере тоқтамай жүрген Қолды атасы ырым етіп, немеремнің атын ұлықтың атын беріңдер деп жас сәбиге үйінде қонып жатқан қонағының  атын қояды. Шын мәніндебұл қонағының аты емес шені – Жанжұң еді. Ел ол кезде билік адамдарын шен-шекпен атауымен атай бередә екен. Жаңжұң деген қытай тілінде «генерал, әскер басы» деген сөз екен. Разы болған қытай әскери шендісі сол жолы салық салмай елге рақышылықты жасап қайтқан екен. Уақыт өтеді Малғажы, Түкей қатарлы баурларымен бала жастан түзақ құрып тарақ құйрық ұстап дағдыланған Жаңжұң атамыз есейе келе қақпан құрып суыр ұстап, ауылдағы бүркітші шалдардың “Өркенің өссін” батасын алып өседі. Бәлкім осыдан қанаттанды ма жастай аң көс болып өскен Жанжұң мерген  Бұлғын өлкесінде қас мергеннің өзі атанады. Аңшы Жанжұңның жомарт, қолының ашықтығын білетін кедей-кепшіктер киіз үйлерін іргесіне тігіп, аңышының пана тұтып бір қора ауыл болып жайлап-қыстайды екен. Аңшы ауыл тұрғындарын азықпен қамтамасыз ететін қамқоршысы болады. Таң атысымен аң аулауға кетіп, түн қатып олжалы қайтатын аңшы жігіт аң аулауды күнделікті әдетіне айналдырамса да еріксіз өзіне қарап отырған бір қора ауылды көріп отырып босқа қарап жатыпта алмайды.Аңшының атып әкелген аңдарын көрші- қолаң етін азыққа, терісін ауылдың епті жігітері саудаға салып азық, киім-кешек тігер пұлға, тіпті малға айырбастап әкеп бөліп алып жан сақтайды екен. Міне аңшы Жанжұң осындай мейрімді аңшылығымен өлкеге танылған азамат еді.

Ілбіс атқан аңшы

Бір жылы Қобда бетінде қыс қатты болып, қар қалың түседі. Жұт жеті ағайынды дегендей жұтпен бірге жон сағалаған сарлық сыйырға ілбіс бір жағынан қырғыйдай тиеді.Үшнәрінің басында сыйыры қыстап жатқан ұранқай жүрты әптен тарығады. Ақыры кісі жіберіп  “Қобда өлкесінде керемет үлкен аң жүр жотадағы сыйрдан сыйыр қоймай талап жеп жатыр, біз аңдып қолға түсіре аламдық сізді ертіп кел”- деп ұранқай ұлтынан арнайы кісілер келіп Жаңжұңды шақыртып алдырады. Жаңжұң қалың кардан бір жыгылып, бір тұрып ,жаяулап бір күн жарым дегенде таудағы малға әзер жетеді. Жон сағалап, қағылқа жайылган сиырлар кеш, пана іздеп төменгі жартастардың арасына түнейтінін алдын ала сұрап біліп алды. Жартастың арасы сиыр түнек,  қара корым тезек анда-мұнда өлген сиырлар мен қатқан қан-жын, жан-жақтан ағылған түлкінің ізі қойдың шұбырындысындай.  Таудың жотасына шығып бір неше өлеген ірі қара малдың жемтігін көріп таланған жерін бәрін барлап, қасат кардың бетінде түйенің табанындай олай-бұлай өткен ілбістің ізі айқын және жалғыз екен деп түйеді. Аңшы бұның ілбістің ісі екенін әптен көзі жетті.

Ауылдың үлкендерінен естуінше ілбіс азығын биктен төмен қарай ұстайды деген. Сол үшін жартастан төмен жату дұрыс деп шешті. Жан-жағына оңтайлы деп төмендеуден қорымды таңдады да әуелі арасынын карын тазалады. Өзі сиятындай қуыс жасап, алдын касат кармен калкалады.  Дорбасына малтауға бірнеше құртты алады да астына тері төсеп, жан-жағына тас қалап астына өзі жатып өлген сыйрыдың жемтігін нысанаға алып тырп етпей 2 күн астам аңдып жатып келген ілбісті берденка мылтығымен атып түсіреді. Мал мен жан сақтаған ұрынқай жұрты қуанып ілбістің терісін сыпырып атының қанжығасына таңып беріп және ақы-пұлын беріп, разы-қош болып қайтарған екен. Артынан бұл жайлы әнгімелегенде: «Екі күн жүріп бардық. Алғашқы күні тырып етпей ұйықтадым. Ал келесі күні қозғалмағандықтан аздап тоңа бастадым. Еңбегім еш кетепсін деп шыдадым. Көбінде ермегім түлкі болды. Өлексеге тойып ап тіміскілеп маған неше келіп неше кетті. Үлкен аңғы сезік тудырмас үшін оларды атпадым»,–деген екен еді аңшы.   (Жалғасы бар)

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар