//

Ағайынға алғыс айтамыз

3297 рет қаралды

Bay olgeyЖолдың шалғайлығымен шекералық бөгеттерге қарамастан қандас бауырым деп елжіреп гуманитарлық көмек жеткізуге жол тартқан Атажұрттағы ағайындарымызда аймағымызға келіп жетті. Бауырмалдық танытып ізгі ниетпен келген ағайындармен қауышып мәре-сәре болдық.

Бай-Өлкедегі аз қазақтың басына күн туып, табиғи апатқа ұшыраған кезде Қазақ Елінің президенті Н.Ә.Назарбаев өзі үндеу жолдап көмекқолын созып, қандасым деп елжіреп барлық жағдайды көзімен көріп, құлағымен есту үшін өзінің сенімді серігі Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мырзаны аймағымызға арнайы жіберіп қал сұратқаны біз үшін үлкен қуаныш естен кетпес елеулі оқиға болды.

Ағайынның адал көңіліне, шынайы бауырмадық сезіміне жердің шалғайлығы, шекера бөгет бола алмайды екен. Сонау Оңтүстік Қазақстан Обылысынан шыққан ағайындар бір апта уақыттай жол жүріп, ОҚО-ның маслихат депудаты, «Айғақ» теле каналының бастығы Дулат Абиш бастаған өкілдер 20 тн-дай гуманитарлық көмегін алып аймағымызға келіп жетті. Бұл көмектің ішінде “Нұр Отан” партиясы Төрағасының Бiрiншi орынбасарының кеңесшiсі Берік Уәлиағаның қандас бауырына арнайы жіберген домбырасы да бар екенін айта кетейін…

«Әр қазақ менің жалғызым» дегендей осы жолғы атажұрттағы ағайындардың ыстық ықыласымен шынайы көңілі бізді бір серпілтіп тыстады. Туысқандық қатынасымыздың соншалықты жоғары екенін білдік. Қанымыз бір, өр рухты қазақ екенімізді айқын дәлелдедік. Қазақстандағы барлық ағайындарға Бай-Өлкелік халық атынан мың алғыс.

Бауырластық қатынас одан әрі нығая бергей. Берекеміз артып, бейбіт күніміз жалғаса берсін!!!

МБЖО-ның мүшесі, Аймақ әкімінің баспасөз-ақпарат өкілі Шынарбек Сейітханұлы.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар