Динара Сәдуақасова мүмкін боларлық 13 ұпайдан 9,5 ұпай жинап, алға шыққан. Екінші орынды Ресей, үшінші орынды Үндістан шахматшысы иеленген.
Чемпионатты Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) басшылығымен Бхубанесвараның КИИТ университетінің Орисса шахмат ассоциациясы ұйымдастырған. Жарыс екі аптаға созылып, 13 кезеңнен тұрған.
Динара Сәдуақасова 2012 жылы “Әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер” атағын иеленген