///

Kazakh сөзін qazaq-пен алмастырудың астары не?

1471 рет қаралды

untitled



Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығында санадағы отаршылдық таңбаларынан арыла бастағанымыз байқалады. Осыдан біраз уақыт бұрын елдегі екінші деңгейлі банкілердің ішіндегі ірісі – Қазком банк өзінің халықаралық брендін өзгертіп ағылшын тіліндегі транскрипциясын ‘kazkom’ емес ‘qazkom’ деп жазатындығын мәлімдеген.

Содан бері көп уақыт өте де қойған жоқ, ҚР Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев өзінің твиттердегі аккаунтында Қазақстан атауының халықаралық дәрежеде дұрыс жазылмай жүргендігін айта келіп, латын транскрипциясындағы  сөздің басындағы ‘k’ әрпін ‘q’-мен алмастыру қажеттігін тілге тиек етті.

sotsijaldy_qazaqstanБұған дейін санадағы отаршылдық таңбаларынан арылу, елдің, жердің атауын халықаралық деңгейде аударғанда, орыс тіліндегі транскрипциясы арқылы емес, қазақ тіліндегі транкрипциясы негізінде жазу мәселесі мұндай жоғары деңгейде көтерілмегендігі мәлім. Бұған дейін ел-жер атаулары халықаралық аренада тек орысша транскрипциясы арқылы жазылып келеді. Мәселен, Астананың ресми атау TSE ( яғни Целиноградтың қысқартылуы), Алматы – АLA (Алма-Атаның қысқарған түрі) болып таңбаланатынын өзіміз көзімізбен көрдік.

Соған қарағанда, 25 жылдық тәуелсіздік көші сананың біршама тәуелсізденіп, орысша көзқарастан арыла бастағанын көрсетеді. Бұл мәселе жоғары шенді шенеуніктер назарынан тыс қалып келгенімен, қоғамда баяғыдан талқыланып келе жатқаны анық. Оның үстіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды «Қазақ елі» деп атау идеясы да бар. 1940 жылға дейін пайдаланылған латын әліп биі бойынша «Қазақстан» сөзі «Qazaqstan» деп жазылып келген.

5809e94e90a8fqazaqstan-gif_eqzdmx6bӨзге ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда, Ресейден отаршылдық қамытын шешкенімен, бұйдасын сыпырып, ат құйрығын үзісе алмай келе жатқан Қазақстанда орыс тілінің үстемдігі әлі де басымдық танытады. Қоғам толығымен қазақтанып кетсе де, жоғары билік эшелонындағы азғана топ тізгіннен айрылғысы жоқ. Сол себепті де, қазақ тілін төрге оздырмаудың неше түрлі құйтырқы жолдарын ойлап табуда. Үштілде білім беру идеясы да осындай құйтырқылықтың жемісі. Бірақ  соған қарамастан, қазақтілді тасқынның келе жатқаны айқын. Ерте ме, кеш пе бұл биліктен қазақшылықты талап ететін болады. Біз қоғамның талабына жауап беретін кездің туғанын әлі де сезіне алмай отырмын. Елдің, жердің атауының дұрыс аталуын талап етуді – тек 25 жылдан кейін ғана ауызға алып жатуымыздың өзі осындай бейғамдықтың салдары. Сондықтан, елдегі екінші иә үшінші тұлға – Қасымжомарт Тоқаевтың бұл мәлімдемесінің астарында үлкен мән бар. Тек бұл әңгіме елдің назарын маңызды бірдеңеден аудару үшін жасалып отырған (Қазақ Елі атауын ұсынғандағыдай) кезекті бір науқан болып қалмаса игі.

Айдос Сарым,  саясаттанушы

e4cab570-6e33-41df-9cf8-83815978a15a_mw800_s

  • Кім не десе о десін, өз басым Тоқаевтың мына ұсынысын қолдаймын. Көптен бері айтылып жүрген əңгіме. Qazaq, Qazaqstan дегеніміз дұрыс. Бизнес бұл жұмысты бастап кетті. Енді елдік, мемлекеттік дəрежедегі ребрендинг керек-ақ. Жəне де бұл жұмыс сапалық, мазмұндық өзгерістер мен бетбұрысқа апарса деген тілек. Яғни 1990 жылғы егемендік декларациясындағы міндеттерге оралып, соларды іске асыру қажет. Басты міндет – қазақ ұлттық мемлекетін құру, қазақ ұлтын ұлықтап, қазақ тілін шынайы мемлекеттік тіл қылу.

«Атамекен» ұлттық палатасы басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов:

123– Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында төлқұжатымыздағы осы бір қателікті түзете алатын шығармыз, бәлкім.  Қазақ тілінде – қазақ атауы қашаннан бері жазылып келеді ғой. Алғашқы жылдарда асығыстықпен елдің атауын солай жазып жіберген жоқпыз, орыс тілінде қалай жазылады солай жаздық.  Бәлкім бұның ауыстырудың қандай қажеті бар, қаншама қаржы жұмсалады ғой деушілер табылар, алайда, ақырындап ауыстырамыз.

Есен Байнұр. 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар