//

Мемлекеттік тілден мақұрым адамдар қалай мемлекеттік қызметке тағайындалады?

1057 рет қаралды
2

Әңгіме Ұлттық экономика министрлігіне жаңа тағайындалған Тимур Сүлейменов туралы болмақ. Су жаңа министріміз мемлекеттік тілді білмейтін болып шықты. Дәлірек айтсақ, бұрын білген екен, тек ұмытып қалыпты. Мұны, өзі айтты.

Мәжіліске келіп, депутаттармен кездескен Ұлттық экономика министрі тілді ұмытып қалғандықтан, қазақ тілінде қойылған сұрақтарға да Ресейдің мемлекеттік тілінде жауап берген.

Мәжілістің дәлізінде министрді күтіп тұрған БАҚ өкілдері  Сүлейменов мырзаны «тергеуге алып» тіл төңірегінде сұрақтар қойған. Сөйтіп, жаңа министр мен БАҚ өкілдері арасындағы шағын диалог былай өрбиді:

Министр: – Мен Мәскеуде 5 жыл жүрдім. Ана тілімді ұмытып қалдым. Бірақ, 6 айдың ішінде үйреніп аламын.

Журналистер: – Сонда 6 айдан соң, сіз қазақ тілінде сөйлейтін боласыз ғой?..

Министр: – Дәл солай.

Мәскеуде бес жыл жұмыс істеп келген министр өзінің ана тілінен ада болып қайтыпты. Енді ол жарты жылда қазақ тілін үйреніп аламын деп уәде берді. Мысалы ретінде айта кетейік, Сүлейменов қазақ тілін аз уақытта үйреніп алуға уәде берген алғашқы шенеунік емес. Мысалы, былтыр қазақ тілінен емтихан тапсырып,  оңбай сүрінген Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев та тіл үйренуге тұп тура 1 жыл уақыт сұраған. Уәдесінде тұрды ма? Ал Ерлан Ыдырысов, Владимир Божко секілді кей шенділер «басымды кесіп алсаң да үйренбеймін» деп ашық айтқан. Қарап отырып қаның қайнайды. Божко бөтен адам десек те, елші болып кеткен Ыдырысовтың бұлай айтуы түрлі ойға жетелейді. Жә, Сүлейменовке оралайық…

Болашақтың түлегі Бишімбаевтың орнына 2016 жылдың соңында ғана отырған Сүлейменов Еуразиялық экономикалы комиссияда жұмыс істеп келді. Елбасының Петерборға сапары барысында тағайындалған Сүлейменовтің бес жылда тілді біржолата ұмытып қалуы қаншалықты қисынды? Әйтпесе пародаксалды сұрақ – мемлекеттік тілден мақұрым адамдар қалай мемлекеттік қызметке тағайындалды?

Анау Маркстың сөзі есте болар. «Өзі тұрып жатқан елдің тілін тек үш адам білмеуге құқылы. Біріншісі – қонақ, сосын – ақымақ және үшінші – басқыншы». Сонда Сүлейменов әм Сүлейменов секілді Қазақстанның мемлекеттік тілін білмейтін кей шенеуніктерді осы үш категорияның қайсысына жатқызуға болады? Жалпы бұларға сенуге бола ма?

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Бұл Сүлейменов Ауру адам екен. Бұрын білген тілді ұмытып қалу дерттің кесірі ғой. Дереу емделу керек. Не себептен ұмытшақтың ауру пайда болды. Ал бұл өте қауіпті. Экономика министрі бір санды ұмытып қалса елімізге қанша қиян келетінін өздеріңіз бюолжай беріңіздер

  2. Мемлекеттік жоғары лаузымдарға тағайындауда мемлекеттік тілден экзамен тапсырмай ма, ондай тәртіп жоқ па, ол тәртіп, тек президентке ғана қатысты ма, түсінбедім.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар