Алматыда өтіп жатқан 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының алтыншы күні қоржынға тағы бір алтын түсті. Шаңғы жарысының аралас топтық спринт бойынша Олжас Климин мен Анна Шевченко маңдайлары жарқырап, мәреден бірінші болып тізгін ұстатты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жерлестеріміз 18:23.48 минутта мәреге жетсе, күміс Франция, қола Ресей Федерациясы командасына бұйырды. Қазақстандық екінші жұп – Сергей Малышев пен Олга Мадрикова мәре сызығына алтыншы болып келді.
Еске сала кетейік, Анна Шевченко әйелдер арасында өткен 5000 метрге жеке классика әдісі бойынша, 5000 м із қуалау жарысы бойынша «Алматы-2017» Универсиадасының екі дүркін қола жүлдегері атанған болатын.
Жалпы Қазақстан командасынының жүлде саны 20-ға жетті. Бүгін 1000 м қашықтыққа сынға түскен Екатерина Аидова қолаға қол жеткізіп, мерейімізді тағы аспандатты.
Қазақстан әзірге 9 алтын, 2 күміс және 9 қола медальмен жалпы кестеде екінші орында тұр.
Күнту АРЫНБЕК, Универсиададан
Парақшамызға жазылыңыз