///

Депутаттардың айлығы не үшін өседі?

961 рет қаралды

1453725337_zarplata-deputatov-gosdumi-v-2016-godu-povishenie-3Депутаттардың айлығы 50% өсті деген ақпарат шықты. Рас болса, түсініксіз шешім. Не себепті?! Британиямен елімізді салыстырып көрейінші дедім. Сонымен,

Британияда депутат жалақысы жылына 75 мың фунт.
Орташа жалақы жылына 27,200 фунт
75000:27200=2,75

Елімізде депутаттардың орташа жалақысы 500 мың теңге
Орташа жалақы 143 мың теңге
500000:143000=3,49

Яғни, халық табысына қарағанда біздің депутаттар Британия депутаттарынан көп алады. Ал енді 50% өсірсе, орташа жалақы 750 мың болмақ. Сонда қатынас 750000:143000=5,24 болады екен.

Алдымен орташа жалақыны өсіру жайлы неге ойланбаймыз?! Мендегі сұрақ осы.

Айтпақшы, Британияның ЖІӨ 2,861 трлн $ (2016) болса, біздің ЖІӨ 116,15 млрд $ (2015) екен. Айырмашылық айтпаса да түсінікті.

Руслан Желдібайдың фейсбук парақшасынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар