Осыдан біраз уақыт бұрын Астанадан Тәкең – Талғат Кеңесбаев «Қызыл жусан» атты әдеби-мәдени жуpнал шыққаны туралы хабарлаған еді. Міне бүгін сол журналдың жұпар иісі аңқыған су жаңа нөмірін алып отырмын. Бір қарағанда көлемі де көркі де көз тартады. Ал журналдың ішкі мазмұнының көркемдігінің осал еместігі оның мазмұнынан-ақ мен мұндалап тұр.
Техника мен технология дамыған мына заманда бағзы ізден жаңылмай ақыл-ойдың інжу маржандарын тасқа басып, тарту жасаған журнал құрылтайшысы «Едіге» инн овациялық-технологиялық білім беру орталығы» ЖШС, директоры Ерғожа Тілекбердиев, журналдың Бас редакторы Талғат Кеңесбаев, оның орынбасарлары Қадырғажы Мұқанов, Ербол Бейілхан, арт-редактор Анар Қабдуллина, жауапты хатшы Гүлмира Дәулетханқызы.
Қырмызыдай құлпырған «Қызыл жусанға» жолың болсын, жұмар иісің бүкіл қазақ даласын шарлап, әр шаңырақтың сүйікті журналына айналсын деген тілегімді білдіремін.
Ізгі ниетпен шын оқырманың: Бақытбек Бәмішұлы
Парақшамызға жазылыңыз