АЛЖИР. “Отанын сатқандардың əйелдеріне арналған Ақмола лагері қазіргі Астанадан 15 минуттай жерде, бұрынғы Малиновка, қазіргі Ақмол ауылында орналасқан. 2007 жылдан бұл жерде “қызыл террор” құрбандарын еске алу, Сталин жүргізген саясаттың қанмен боялған қасіретін келер ұрпақ жадында мəңгі қалдыру мақсатында музей ашылған. Музейдің алғашқы қабаты -Алаш залы деп аталса, 2-қабат сол зұлмат заманның сұмдығын əшкерелейтін “АЛЖИР” тарихына арналады. Мемориал кешенінің ауласына енген сəттен жүрегіңе мұз қатып, тамағына өксік тығылады екен. Олар көрген түрме азабын, жазықсыз шеккен зардабын біз жан-жүрегімізбен сезіне аламыз ба? Өз халқын қынадай қырған жауыз үкіметке лағынат айтқаннан басқа шараң не? -35 градус суық баракта 1938-1953 жылдар аралығында 1560 бала дүние есігін ашыпты. Көзін тырнап ашпастан шешесінен айырып, балалар үйіне жөнелтілген. Олар “Дети АЛЖИРа” немесе “Дети ГУЛАГа” деген ярлыкпен өскен. Адам төзгісіз азапты жеңіп шығып, бейбіт заманмен қауышқанымен оларды ірі қалаларға маңайлатпаған. Əр жерде шашырап кеткен балаларымен қауышуда біраз сергелдеңге түсірген. Кейбір аналар жазасын өтеуге 3-4 күн қалғанда мəңгілік сапарға аттанып кете берген. Өткеннің қара дағы бүгінгіге сабақ. Мұндай ессіздік пен дүлей шара қайталанбасын деп тілейік. АЛЖИРЛІК аналардың аруағына мың тағзым. Ана мен бала енді ондай қасіретке лушар болмасын. Сталин бастаған “қызыл террор” авторларына мың лағынет.
“Мінбер-ақпарат”
Парақшамызға жазылыңыз
Құдай мұндай сұмдықты қазақтың басына қайта бермесін!!!