Келер жылдан бастап үкімет жалға пәтер бермек

1111 рет қаралды

2671063935_35f3c53fce_mКелер жылдың алғашқы тоқсанында «Самұрық-Қазына» жалға берілетін пәтерлердің алғашқы кілттерін табыстамақ.

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, тұрғын үй үш деңгейге бөлінген: әлеуметтік, эконом және бизнес. Мемлекеттік бағдарламада әлеуметтік-класс бойынша үйді тек қана жалға алу қарастырылған. Эконом-класс бойынша үйді жалға алып, кейін оны сатып алуға болады. Ал бизес-класс бойынша үйді жалға алып, оны сатып алып, кейін сатып жібере алады.

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар бағдарлама бойынша үйді тек бір рет қана ала алады. Пәтерді бес жылдың ішінде сатып алуға рұқсат жоқ, әрі жартылай жалға беруге де тиым салынады. Жалға берілетін пәтерлердің әлеуметтік және эконом класындағы пайыздық ставкасы жылына 10 пайыз, ал бизнес-класта 15 пайыз.

«Самұрық-Қазына» қорындағы мамандар «жалға берілетін пәтерлердің» бағасы нарықтағыдан 30 пайызға арзан болады деп сендіруде. Егер жалға берілген пәтерді кейін сатып алатын болса, ең көбі ол пәтерді 14 жылға жалға алуы керек. Содан кейін сатып алса болады. Жалға берілетін пәтер үшін алдын ала ақы төлемақы жасау қажет емес. Сол себептен «жалға берілетін пәтерлер» ипотекаға балама ретінде аталуда.

А.Еркімбай

Сурет phlipp_c_jahn мұрағатынан алынды

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар