Жақында РФ президенті тікелей эфирде сұхбаттасты. Журналистер оның 2001 жылғы айтқан сөздері мен биылғысын салыстырған екен. Назар аудара отырайық
2001 жыл: Ресей экономикасы ешқашан әлемдік мұнай бағасына тәуелді болмайды.
2017 жыл: Біздің экономика әлі күнге көмірсутегі шикізатына тәуелді. Яғни, мұнай және газға.
2001: Кеңес Одағы кезінде АҚШ одақтас республикалардың басты қарсыласы болып саналды.
2017: Қазір қай жерді түртіп қалмасаңызда сол жерден Америка мүддесі ытқып шыға келеді. Мен ФБР-дың бұрынғы төрағасы Коми айтқан түсініктемемен толық таныс емеспін, бірақ, кей жерлері әлі түсініксіз. Арнайы қызметтің басшысы жоғарғы бас қолбасшының айтқанын аудиоға жазып алып, өзінің досы арқылы БАҚ-қа бере салады екен. Сонда ФБР директорының Сноуденнен қандай айырмашылығы қалады?
2001: АҚШ әлемдегі ең мықты держава және біздің елдің басты серіктесі. Егер нөмірлейтін болсақ, біз үшін басты серіктес бірінші – Украина, сосын Германия, сосын құрама штаттар.
2017: Лермонтов ол қазір УКРАИНА деп аталатын облыстарды қоса, бүкіл Россия туралы айтты (“Прощай, немытая Россия, Страна рабов, страна господ”) Сондықтан бұл жерде Порошенконың мұрынын көкке шаншып мақтануына еш себеп жоқ.
Абай Аймағамбетов, Facebook парақшасынан