////

Журналистика көңіл-сауық алаңына айналды

1430 рет қаралды

Байқаймын, әріптестер арасында, жалпы қатардағы азаматтар да белсенді араласып, журналистиканың елеулі катергориясы туралы қызу пікірталастың шеті шыға бастағандай. Оны әлеуметтік желідегі Дина Елгезектің бірқатар жазбаларынан және Qazaqstan телеарнасында Дархан Абдик (Darhan Abdik) жүргізетін «Парасат» майданы бағдарламасына қатысқан белгілі журналистер Арман Сқабылұлы , Қасым Аманжол және өзге әріптестердің әңгіме-ауанынан аңғаруға болатын секілді. Бұл айналып келгенде, журналистиканың қоғамда атқаратын функциясы жайындағы іргелі мәселе. Егер журфактың бірінші курсында «Журналистикаға кіріспе» немесе «Журналистика теориясының негіздері» деген пәнді мұқият танып, зерттеген болсаңыз бәрі анық көрінер еді. Бірақ, қазір бәрі теория десе мұрын шүйіретін заман ғой. Десек те, шындығында бәрі сол теорияны алдымен дұрыс игеруден басталады.
Сөздің тоқ етеріне келсек, журналистика қоғамда мынандай 6 түрлі функция атқарады:
1. ақпарат тарату;
2. танымдық;
3. ұйымдастырушылық;
4. басқару құралы (өкімет ісіне бақылау жасау арқылы);
5. қарым-қатынастық;
6. көңіл көтеру (эстетикалық тәрбие).
БАҚ атаулының барлық түрінде осы алты элементтің барлығының тепе-теңдігі сақталмаса, оның туындылары халықты мезі етіп, өзінен алыстатып жібереді. Совет баспасөзінде Лениннің айтқан «газет – ұжымдық үгітші, насихатшы әрі ұйымдастырушы» дей салған бір ғана элементін басшылыққа алғандығының салдарынан оқылмайтын газет пайда болып, жұрт оны терезе сүртуге, от тамызуға, әжетханаларда кеңінен пайдаланатын үрдіс пайда болды. Ал, қазіргі күні көңіл көтеру элементін асырып жібергендіктен телеарналар жаппай ойын-сауық пен жеңіл-желпі ән-бидің, «сабын операсының» (сериал) ошағына айналды. Сол баяғы ескі әдеттің асқынуы. Мәселе осыдан туындап жатыр.
 

Қуандық Шамақайұлы, фейсбуктегі жазбасынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар