Астанада ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қоладуымен “Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында медиа ресурстар нарығының дамуы” тақырыбымен қазақ сайттары редакторларының форумы өтіп жатыр.
Шараны ұйымдастырушылар – “Қазақстан” телерадиокорпорациясы, Қазақстандағы АҚШ елшлігі және Қазақстан баспасөз клубы.
Форум төрт сессиядан тұрады. Негізгі тақырыптар “Қазақ сайттары: контент сапасы және оқырман талабы”, “Бәсеке, жарнама, қаржыландыру және монетизация”, “Жаңа медиа және дәстүрлі БАҚ” және “Қазіргі трендтер және жаңа технология”.
Түске дейінгі сессияға қатысушылардың негізгі пікірлеріне тоқталсақ: қазіргі оқырманның талабы, сенсация қуушылық, өсек теру, рейтингі қуалау және мемлекеттік тапсырыс контенттің сапасына кері әсер етуде. Сондай-ақ, сайттарды қаржыландыру, монетизация, мемлекеттік тапсырысқа тәуелді болмай, өз бетінше күн көру мәселелері талқыланды.
Парақшамызға жазылыңыз
Игілігін берсін