//

Бақытбек Бәмішұлы: Жұмажан сері

2308 рет қаралды
4

Бақытбек Бәмішұлы: Еркіндіктің ақырғы нүктесі

(өлең-романнан, жалғасы)

Жұмажан сері

.

..Жерден биік, бесінде, күннен бері,

Өңкей қасқа, ала аяқ мінгендері.

Төртеу шықты әндетіп белегірге,

Сейіл, думан ерте-кеш жүрген жері.

Анар төстің танадай түймелері,

Жалт еткенде ай тілі күрмеледі.

Алтын-күміс құймалы жалтылдайды,

Айыр шоқтың айшықты сүрмелері.

Саптама етік былғары тігер елі,

Сірі өкшелі қақтаған тіремелі.

Сегіз қабат таралғы үзенгіні,

Жарасады шалқаяа шірегені.

Ақ тамақты алаң қып, именбеді,

Алқалы кит, ақ торғын кигендері.

Сары сүйекті сияқты балқытатын,

Байқаусызда серінің тиген жері.

Әдеп көркем күлімдеп көркіндегі,

Бұлғақтайды үкісі бөркіндегі.

Аты алған аумақты, әлем жерді,

Бөлек бітім бұлардың төркін-тегі.

Ірге түріп біреу жүр кісін сайлап,

Тілін тістеп, тыржиып, тісін қайрап.

Қара қатын қарайды қиығымен,

Іші жылып, исініп, тысы жайнап.

Жер ошақтан желіге ауысқаны,

Жымың қағып, құмығып дауыстары:

Деп қояды тұқырып, сықылықтап,

«Жұмажанның қара ала сауысқаны»,–

Тамағында бұлардың жұмағы әннің,

Жасын тиып, жұбатқан жылағанның.

Өсті тете өзгеден өнерге елтіп,

Төрт ұлы да өлеңші Жұмажанның.

Өрге салса өршелеп, төске өрлеген,

Той-думанда ешкімге дес бермеген.

Өмір көркін шетінен әнші, зергер,

Өлең, күймен өрнектеп, кестелеген.

Төрт қырынып, күніне жасайтын мұрт,

Сөзбен түйреп, сыртынан матайтын ұрт:

«Жұмажанның  қара ала сауысқаны»,–

Десіп, көсеп, айдарлап атайтын жұрт.

Құс кеуделі, қимылы қиығында,

Домбырасы үкілі иығында.

Анау сері ылдымды, ыңғай жастан,

Мысқыл жортқан қияқты миығында.

Жалпақ белбеу жас сері қынай буған,

Қу түлкідей көрінер құмай қуған.

Ақыл-естен алжасып, адасып тұр,

Қара қатын банадан құдай ұрған.

Жамбас сылай өткенде қатты cасты,

Ұшыменен сары ала сапты қамшы.

Тана көзден түлеген нұрға толы,

Өз мекенін кірпіктен тапты тамшы…

(жалғасы…)

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Шашасына шаң жұқпайтын дүлділ,жыр әлемі,көркем сөздің хас шебері,кемеліне жетіп төселген ақын екеніңді жыр маржаны теңеулеріңді шабыттана,мақтана оқып,аталарымыздың руқымен тілдескендей күй кештік.Менің атам “Айыр шоқ,сылдыр моншақ Көпес сері”Бүлтікейұлы Жұмажанның рухы сені де қолдап,серілігі жұғысты болсын!Рахмет! Әкем Жұмажанұлы Сүлейменнің бейнесінен де серіліктің сипаты көрініп тұрғандай ма, қалай?!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар