Өткендегі қатты аяздың кезінде ауыр қайғыға душар болдық. Бөлемнің желкілдеп өсіп келе жатқан 15 жастағы ұлы аяқ-астынан инсульт болып дүниеден өтіп кетті.
Баланы Өжеттегі зиратқа жерлеу үшін рұқсат алуға бардық. Зираттың админстраторы (шырақшы деуге келмейді): жер бар, 55 мың теңге төлеп аласыңдар деді. 55 мыңда естігенде шар еттім: – Бұларың адамды тонау ғой. Мұндай ақшасы жоқ кедей өлсе, көмусіз қала ма? Не деген сұмдық, – дедім. Алсаң ал, алмасаң қой. Кеңсайға барсаң мұнан бес есе көп төлейсің деді. Мұншама ақшаны не үшін беруіміз керек деп едім алдыма прайс-листті тастай салды. Оны көргенде тіпті ызаландым. Адамдардың өлімінен ақша жасауды кəсіпке айналдырған екен. Солай деп едім, менің қатысым жоқ, керек болса басшыларға бар. Орталық зираттың кассасына осы ақшаны төлеп келген соң жерді көрсетемін деп тайып тұрды. Ол кассасы дүйсенбі ғана істейді екен. Күн болса жұма. Мəйітті үш күн қойып қоймайсың ғой. Сосын əлгінің үстінен қарайтын басшыға хабарласып едік, біраз күттіріп келді. Келді де жер міне, кассаға 70 төлеңдер де алыңдар деп миығынан күлді. Тілімді тістеп мен тұрдым. Бөлем кассаның дүйсенбі ғана істейітін айтып, жалынып-жалпайып жүріп 70 мыңды əлгінің қолына берді. Жер қазатын бір-ақ адамымыз бар, қазір жер 1 метр тоң, ол көмекшімен келеді. Көмекшіге 10 мың жеке төлейсіңдер деп, жерді көрсетіп кетіп қалды. Бұл сағат 1-дің кезі еді. Кешкі 4-5-тер шамасында көр қазушылардың жағдайын білуге барсақ екі мас орыс қазатын жерді сызып қойып отыр екен. Содан ағайын-туыс, дос-жарандар жабылып түнімен тоңды ойып көр қазды.
Енді сұрақ. Көр сатушыларды кім бақылайды. Адамдардың қайғысынан ақша жасап жүрген арамзаларды кім тоқтатады? Олар прайс-листте көрсетілген қызметтің бірін де жасаған жоқ. Бірақ, 70 мың теңгені сыпырып алды. Бұл алаяқтық емес пе? Бұл қылмыс емес пе?!
Бауыржан Байбек мырза, көр сатушыларды кім бақылайды?

Соңғы жазбалар
Жәнібек Әлімханұлының елімізде өткізген жекпе-жегін дүйім жұрт күтті. IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын
Астананы ғана емес, барша қазақ даласын дүбірге бөлеген бокс кешінде IBF Intercontinental тұжырымындағы екінші орта салмақта
Кез келген бокс кешінің көркін аса ауыр салмақтағы жауынгнрлердің жекпе-жегі кіргізеді. Жәнібек пен Анауэль арасындағы өтетін
Кәсіпқой бокста 23 кездесу өткізіп, оның 17-сін нокаутпен аяқтаған Батыр Жүкембаев “Барыс Аренада” ұйымдастырылған тарихи бокс
Бірден екі тұжырымдағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынған Астанадағы тарихи бокс кешінің тағы бір дебютанты Махмұд
“Барыс Арена” мұз сарайын дүбірге бөлеген бокс кешінің көркін нәзік жанды боксшылар да кіргізді. Қазақстандық боксшы
Астанадағы бокс кешінің төртінші жұбын өзбекстандық Отабек Холматов пен Филиппин елінің файтері Джейсон Кано Манигос құрады.
Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссинге арасындағы бокс кешінің үшінші жұбын әуесқой бокстың жарық жұлдызы Төрехан Сабырхан
Астанадағы “Барыс Арена” мұз сарайындағы бокс кешінің екінші жекпе-жегінде қазақстандық Ақниет Әлімбай мен чехиялық Йозеф Дубски
Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссинге арасындағы IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын