Қазақ баласы соңғы кезде өзінен жери бастады. Өзінен жерудің басты көрнісі Сөзінен жерігендігі. Сөзінен жерігенде ол өзінің туған тілінің уызымен ауызданбағандықтан, ана тілін білмегендіктен жеріп отырған жоқ, ол туған тілін біле тұра көкірек көзінің саңылаусыздығынан, санасының саяздығынан, өзін сыйламауды өремнің өзгеден (өз қазағынан) биік, жоғары, артық тұруы деген тексіздік кесірінен ең мәдениетсіз ұғымға улануынан болып өз тілінен жеріп отыр. Бұл қағынан жеру. Қағынан жеріген қазақтар туған баласына – «іштен шыққан шұбар жыландарына» қазақша ат қоюдан бас тарта бастады. Баласының аты не болса о болсын, тек қазақша болмаса болды. Ал сол есімнің түп мағынасы не екеніне де мән бермейді. «Атына заты сай» деген мәтелге бас қатырып жатпайды. Арсен, Арлен, Алишер,… Аниса, Гаяна, Жанна, Дильназ… Ал қараңыз. Соңғы кездерде қыз балаларға Томирис деген сөзді жиі қояа бастады. Томирис не мағына беретін атау? Оған назар аудармайды, назар аударғандары Томирис деген қазақтың сақ заманындағы бір қанішер, қатал, патшайымының есімі екен, гректер солай атапты. Рас. Қаһарман, батыр, ер жүрек патшайымның қазақ аты Тұмар, мүмкін Темір. Ұғынықты да мәнді, түсінікті. Біз болсақ сол заманында әлемге әйгілі қазақ қызының қазақша есімінен жиреніп, оның мән-мағынасыз атын мәңгілеуге құлшынамыз. Неліктен? Санасыздықтан. Осындай өз сөзінен өзі жеріген көрініс қала, кентердегі түрлі кәсіпорын, дүкен, жеке шаруа қожалықтар атауын шет ел тілдерімен атаудың өріс алғанын былай қойып, байырғы атауы бола тұра аң-құс, жан-жануарлар атауын сөзбе-сөз аударма арқылы пайдалану етек алып барады. Мысалы, газет-журнал, басқа баспасөз құралдары, тіпті кейбір оқулықтарда «қар барысы» деген атау жиі ұшырасатын болды. «Барысы» бізге белгілі, ал «қары» не? Ол қандай жануар? Сөйтсек жетпіс жылдық желкелеудің санаға сіңірген зәрі бойымыздан әлі арылмаған екен. «Қар барысы» деп жүргендері кәдімгі «ІЛБІС» екен. Орыстар «снежный барс» деп атайды екен де оны біздің ақылман тәржімандар «қар барысы» деп аударып, қолданысқа енгізіпті. «Барс» дегені қазақша кәдімі «барыс», дала жыртқышы. Ал осы барыс сөзін «қар» сөзімен қосанжарлап «жаңа атау ойлап тапқанда» не ұтты? Сіз мына қызықты қараңыз, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» (2008) «ілбіс» атауы жоқ екен, есесіне «ілбісін» деген сөз жүр, «мысық тұқымдас жыртқыш аң» депті, әсілі «ілбіс» дегісі келсе керек. Кейінгі ұрпаққа, жас жеткіншектерге «ілбіс» десең, ол не деп сұрайтын қалге жеткізіпті. Ілбісті ілбіс деп атаудың несі ерсі, несі бұрыс, несі тілге оғаш, қисық болып тұр, ілбіс атауын «қар барысы» деп бұрмалаудың қандай қисыны бар?! Біз қашанғы жат жұрттық талғам, түсінікпен жүреміз? Ілбіс орыстың орманында емес, қазақтың Алтай, Алатау сынды тауларында жүрген жоқ па? Өзіміздікінен жеріп, өзгенікімен өзек жалғағанда өркеніміз өсіп, өрісіміз кеңіп, рухымыз жаңыра ма? Қарамер
Парақшамызға жазылыңыз«Қар барысы» дегеніміз қандай аң?
Соңғы жазбалар
Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында. Десек те, қалада үй салатын, ауылда мал жаятын жер
Қазақстандықтар долларға қатысты ұлттық валюта бағамын бақылап отырғанда, сарапшылар рубльдің теңгеге шаққандағы қатынасын көріп алаңдайды. Тенгенің
Қазақстан 2025 жылы 2 миллиард ағаш отырғызуды жоспарлаған. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысында ағаштардың қалай егілгені
Фото: «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығына – 15 жыл. Осыған орай Алматыда орталықтың
Фото: kff.kz 2022 жылдың ақпанында Әділет Бәрменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды. Екі жылға жетер-жетпес
Бүгін Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінің «Алтын Емел» конференция залында «Абай» баспасынан (директоры Ақберен Елгезек) жарық көрген
2024 жылғы 11 қарашада Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында журналистер мен ҚР мәдениет және
Осы 2024 жылдың екінші тоқсанындағы есепте Ұлттық статистика бюросы 451 мың жұмыссыз халық бар екенін анықтаған,
12 қарашада Астанада 20 шақты адам президент резиденциясы – Ақорда маңына жиналды. Бұл туралы Азаттық Радиосы
Ақсұңқар — Алтай тауларының жаңғырығын сүйреп жеткен орасан озани ақын қыз. Бұла Бұлғынның ұлпа құрсағынан туған