///

Туыстары Кемероводағы өртте “41 бала қаза тапқанын” мәлімдеді

667 рет қаралды
1

Кемерово қаласында “Зимняя вишня” сауда және ойын-сауық орталығында өрт 25 наурыз күні күндіз басталған. Ресей Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, өрттен 64 адам қаза тапты. Бірақ куәгерлер іс жүзінде құрбандар саны “бұдан әлдеқайда көбін” айтады.

27 наурыз күні таңертең Кемерово қаласы әкімдігінің алдына жүздеген қала тұрғыны жиналған. Олар биліктен өрт пен құрбандар туралы шынайы ақпарат беруін талап еткен. Жиналғандардың көпшілігі биліктің өрт құрбандары туралы есебіне сенбейді. Наразы жұрт сонымен қатар Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап еткен. Кемерово қаласында сауда орталығындағы өрт құрбандарының туыстары өрттен 41 бала қаза тапқанын мәлімдеді. Қаза тапқан балалардың тізімі туыстары құрған штабта ілінген.

27 наурыз күні таңертең Ресей президенті Владимир Путин Кемерово қаласына ұшып барды. Ол өртенген “Зимняя вишня” сауда орталығында құрбан болғандарды еске алатын орынға гүл қойып, қайғылы оқиғаға “салақтық пен ұқыпсыздық” себеп екенін мәлімдеді.

Ресейде президент Владимир Путиннің жарлығымен 28 наурыз Кемерово қаласындағы “Зимняя вишня” сауда орталығында болған өрт құрбандарын ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Дерек көзі: /www.azattyq.org

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Жемқорлары әбден асқынған елдің көрер күні енді күнде осы. Адам жанымен ойнай бастайды. Олар сәбидің шырқыраған жан дауысынан ләззат алады.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар