Аталып отырғандай, 27 наурыз күні ҚР Үкіметінің қаулысымен «ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымындағы № 573 ««Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» қаулысына өзгерістерді енгізу туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы шыққан. Осылайша, аталмыш салада келесі өзгерістер бар. Бұрын берілген стипендияны пайдаланбай және оқуға немесе сынаққа түспеген адамдарға Орталық алдында қарызы жоқ болған жағдайда стипендияны алу үшін қайтадан байқауға қатысуға мүмкіндігі бар. Демек, байқауға бұрын қатысушыға «Болашақ» стипендиясы берілгенімен, белгілі бір жағдайға байланысты ол тілдік курстарға кірісе алмай немесе өздігінен оқудан бас тартса, онда ол қайтадан байқауға қатыса алады. Сонымен қатар, «Өздігінен түскен» категориясына жататын байқауға қатысушы үміткерлер үшін бакалавр немесе маман дипломының орташа балы талап бойынша GPA 3,3-тен 3.0-ге төмендетілді. Қазақстанда сондай-ақ, тілдік курстарды аяқтау кезеңінде тілді меңгеруді бақылау механизмі енгізілді. Тілдік курстардың жұмысын күшейтіп, тілді қажетті деңгейде білетінін растау үшін курс аяқталғаннан кейін Қазақстандағы стипендиаттар аралық тестілеуден өту керек. Аталған емтиханнан өте алмай қалған жағдайда стипендиаттарға алдағы екі айдың ішінде қайтадан өту мүмкіндігі беріледі. Аталған талап орындалмаса стипендиядан айыру қарастырылған. Басты жаңа өзгерістердің бірі – түлектердің еңбекті өтеуін жүзеге асыруға қатысты нормалары болып табылады. «Өздігінен түскен» категориясындағы және «жалпы байқаудағы» түлектерге мамандық алғаннан кейін Қазақстанның аумағында орналасқан қазақстандық және шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктерінде және филиалдарында еңбегін өтеуге мүмкіндік беріледі. Қазақстан аумағында орналасқан өзге де ұйымдарда үшжақты келісімнің бекітілуімен жұмыс беруші келіскен жағдайда «ғылыми-педагогикалық қызметкерлер», «инженерлік-техникалық қызметкерлер», «мәдениет және шығармашылық саласындағы қызметкерлер», «бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясындағы қызметкерлер», «сынаққа үміткерлер» категориясы бойынша оқып шыққан түлектерге алған мамандығы бойынша еңбек етуге рұқсат беріледі. Қаулы 2018 жылдың 30 наурызында жарияланып, қолданысқа енгізілді.
Парақшамызға жазылыңыз«Болашақ» бағдарламасы бойынша үміткерлерді іріктеу ережелері өзгерді
Соңғы жазбалар
Фото: www.gov.kz Қаңтардың 13-і мен 23-і аралығында Италияның Турин қаласында ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиада өтеді. Жуырда
Фото: magauin.com сайтынан Бұл туралы ұлы Едіге Мағауин өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. “Арыстан ӘКЕМ
Фото: www.istockphoto.com «2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ұлттық валютаның ресми бағамы
Жылдың басында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Ana tili” газетіне сұхбат берді. Президент сұхбаты әлеуметтік желілерде қызу
2025 жылғы 03 қаңтарда Мемлекет басшысының «Ana tili» газетінің Бас редакторымен болған сұхбатында айтқан әр бір
Бүгін, 3 қаңтар күні, мемлекет басшысының өткен жылға қатысты «Ana tili» газетіне берген сұхбаты Президенттің ресми
Фото: dzen.ru 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Украина арқылы Еуропаға ресейлік газ тасымалдау тоқтатылды. Ресей 1991
2025 жылдың 1 қаңтарында ресейлік «Газпром» Украинаның «Нафтогаз» компаниясымен бес жылдық келісімнің аяқталуына байланысты Украина арқылы
2024 жылы “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы ұжым болып Internews Kazakhstan қорының қолдауымен “Тасадағы өмір” жобасын жүзеге
2024 жылы Қазақстанда көптеген маңызды оқиғалар болды. Осы жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен АЭС құрылысы талқыланып, су