///

Қоғамның медиа сауаттылығы мен дижитал қауіпсіздігінің деңгейі қандай?

915 рет қаралды

Алматыда, Рамада қонақ үйінде МедиаНет халықаралық журналистика орталығының ұйымдастыруымен Орталық азиялық “Орталық Азиядағы интернет-саласының дамуы InternetCA – 2018” тақырыбында тоғызыншы Интернет-форум басталды. Форумның бұл жолғы тақырыбы: “БАҚ, мемлекет, қоғам: цифрлық (дижитал) қауіпсіздік пен медиа сауаттылық” деп аталады. Түске дейінгі сөз алған спикерлердің негізгі сарапқа салғаны қазіргі жағдайдағы журналистиканың даму тенденциялары, мемлекеттік тапсырыстың ықпалы, журналистикадағы проблемалар, оларды шешудің жолдары.

Түстен кейін дижитал дәуіріндегі қауіпсіздік жайында және пікір білдіру еркіндігіне қатысты мәселелер талқыланды. Екі күнге жалғасатын Интернет форум бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отырған – кибер қауіпсіздік, ксенофобия мен өшпенділік тілінің медиадағы көрінісі, ақпараттық сауаттылық, ақпараттың шынайылығын тексеру және  журналистердің өз қауіпсіздігін сақтау мәселесі сөз болмақ.

Форумға Орталық Азиядан 200-ге тарта  медиа сарапшы қатысып отыр.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар