Қазақстан Президенті қазан айындағы халыққа Жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны арттыруды тапсырды. Тапсырмаға сәйкес, жалақы 1,5 есе, яғни 28-ден 42 мың теңгеге дейін артуы тиіс. Н. Назарбаев бұл әрбір қазақстандық үшін нақты көмек болатынын атап өтті.
СДУ «Журналистика» мамандығының 1 курс студенттері Алматы қаласындағ түрлі нысандарға барып, 42 мың теңгеге не алуға болатындығын байқап көрді.
42000 теңгеге Апорт Моллдан қалай киіне аламыз?
160 дүкеннен тұратын еліміздегі ең үлкен моллдағы ең арзан бутик LC Waikiki-ге бет бұрдық.
Киімдер | Ең арзан (теңгемен) | Ең қымбат (теңгемен) |
Аяқ киім | 7000 | 16000 |
Шалбар | 4000 | 7000 |
Жейде | 5000 | 10000 |
Сырт киім | 12000 | 22000 |
Киімдер | Ең арзан (теңгемен) | Ең қымбат (теңгемен) |
Аяқ киім | 15000 | 27000 |
Шалбар | 6000 | 11000 |
Жейде | 2500 | 5000 |
Сырт киім | 11000 | 37000 |
“Baby” дүкеніне бет бұрдық:
Демек, бұл дүкенде балаларды 42 мың теңгеге бастан-аяқ киіндіру мүмкін емес.
“Қарқара” сауда орталығы
Алматы қаласындағы ең қымбат базардың бірі.
Тауарлардың атауы | Бағасы |
Сырт киім
Жейде |
10000-60000 тг.
5000-9000 тг. |
Ерлерге костюм-шалбар
Шалбар |
30000-60000 тг.
6000-15000 тг. |
Қыз-келіншектерге арналған көйлек | 16000-30000 тг. |
Әйелдер мен ерлер аяқ-киімі | 15000-40000 тг. |
Ерлер мен әйелдер футболкасы | 5000-9000 тг. |
Бас киім
Көзілдірік Шұлықтар |
6000-18000 тг.
5000-8000 тг. 500-1000 тг. |
“Алтын орда” базары
- Қыс мезгілінде ең басты киім ол сырт киім . Алтын Орда базарында сырт киімдердің 15 000 теңгеден бастап 50 000 теңгеге дейінгі бағада неше түрлісі бар. Сапалы әрі жылы сырт киімді 22 000 теңгеге алдық. Бұл бізге берілген қаражаттың тең жартысын алды .
Қыс мезгілінде аяқтан суық өтпес үшін қалың әрі жылы аяқ–киім алуға тиіспіз . Біз тапқан аяқ–киімдердің орта есептегі бағасы 15 000 теңгені құрады. Ал күздік аяқ–киімнің өзі 12 000 теңгеден басталады
Қалған бес мың теңгеге гамаж және бас киім тауып алу мүмкіндігі туды. Шалбар , жемпір , шұлық , қолғап және шарфты келесі жолы алған дұрыс деп шештік.
“Қаскелең” базары
Бір айға 42 мың теңгеге қандай азық-түлік алуға болатындығын білу мақсатында – Қаскелең базарына жол тарттық.
Нан – 4800 тг
Сұйық май 5л – 2000 тг
Шай – 600
Қант – 500 тг – 2 кг
Картошка – 450 тг – 5 кг
Пияз – 350 тг – 5 кг
Сәбіз – 200 тг – 2 кг
Капуста – 200 тг
Томат – 250 тг
Майонез – 460 тг
Кетчуп – 200 тг
Тауық еті – 5950 – 7 кг
Балық – 2250 тг – 3 кг
Күріш – 680 тг – 3кг
Макарон – 1000 тг – 5 кг
Сары май – 1500 тг
Колбаса – 4000 тг × 2
Жұмыртқа – 750 тг
Кәмпит – 2000 тг
Печенье – 2000тг
Сиыр еті – 7500 тг – 5 кг
Помидор – 1250 тг – 5 кг
Қияр – 1250 тг – 5 кг
Сарымсақ – 200 тг
Болгар бұрышы – 200 тг
Бұрыш – 200 тг (қызыл, қара)
Тұз – 60 тг
Сүт – 1200
“Магнум” дүкені
“Магнум” дүкенінде бізге кездескен студенттер 1 айлық азығын 39 мың теңгеге алды. “Біз 5 студент бір пәтерді жалдап тұрамыз. Айына азық түлік пен тазалық үшін қажет заттар үшін 40-45 мың теңге жұмсаймыз. Дәл қазірдің өзінде шамамен 40 мыңға зат алып қайтып бара жатырмыз.
Оның ішінде нан мен ұннан басқа күріш, картоп, сәбіз, пияз, шәй, май, күнделікті жейтін қаймақ пен сгущенка(жымиып) т.б. және тазалыққа арналған заттарға дейін бар”- дейді 1 курс студенті. Олардың айтуынша 5 студентті осы айтылған заттар қанағаттандырады. Яғни 42 мың теңге студенттер үшін бір айлық азық-түлікке жетеді.
Парақшамызға жазылыңыз
Дәл қазіргі уақыттағы түйіткілді мәселені көрсеткен жақсы зерттеу. Шынында ол ақшаға киім алсаң тамаққа жетпиді, тамақ алсаң киінбей отырасың. Құрметті жас журналистер шыныдай ақиқатты өткір тілмен жеткізер қаламдарың ұштала берсін!