///

Жаңалықтағы жаңалық

1437 рет қаралды

2018 жылдың желтоқсан айының 27 күні Талғар ауданының Жаңалық ауылында жаңадан арнайы салынған ғимаратта Саяси қуғын-сүргін құрбандар музейі ашылды. Көрген көзге көрікті, әсем де әдемі ғимараттың ашылу салтанатына жиналған қалың көпшілік, тарихшы ғалымдар,  репрессия құрбандарының ұрпақтары алдында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов сөз сөйлеп, 4 мыңнан астам қуғын-сүргіннің құрбаны жерленген Жаңалық ауылына Мемлекет басшысының бастамасымен ескерткіш қойылғанын, содан кейін жақын маңайын мемориалды кешен жасауға бағытталған жұмыстар басталғанын жұртқа жеткізіп, музей қызметіне жеңіл автокөліктің кілтін табыс етіп, музейдің ашу лентасын қиды. А.Баталов өз сөзінде бұл музей Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жасалып жатқан игі шара екенін айта келіп, президенттің  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған  тарихи жадымызды жаңғыртудағы жасалып жатқан үлкен істің бір қыры, оның  болашақ ұрпақты патриот етіп тәрбиелеуде мағызы зор екеніне тоқталды.

Музей қуғын-сүргін жүргізілген замананың бет-бейнесін айшықтар түрлі жәдігер экспонаттармен жасақталған екен.

Ал бұл муздейдің тек қана көрермендерге қазақтың басынан кешкен зұлмат тарихты паш етер көрме ғана емес ғылыми зерттеу орталығына айналатыны жөнінде музей директоры, филология ғылымдары докторы Ғарифолла Әнес айтып берді.

Музейі жаңа 3 экспозициялық залдан тұрады екен: «Қазақстандағы 1916-1986 жылдар аралығындағы қуғын-сүргін тарихы», «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» («Реквием» залы) және «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы мен оның қызметіне қатысты экспонаттар қойылған зал.

1930-1950 жылдардағы қуғын-сүргін тарихы туралы деректер баяндалады. Сондай-ақ, Сталиндік лагерьлердегі тұтқындардың өмірі төрт диорамада ашып көрсетілген. Жаңалық ауылында атылып, олардың осында табылған жеке заттарын көруге болады. Ал жазықсыз жазаланған 4125 адамның аты-жөні мәрмәр тасқа қашалып жазылып, қабырғаларына ілінген.

Біз Саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етіп, музей қызметінің ары қарай табысты болуын тілеп, естелік кітапшасына өз қолтаңбамызды қалдырдық.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар