///

“Сырқыраған сүйегім, сенің тасың – Бұлғыным…” 

1148 рет қаралды
1

БАҚЫТБЕК…Бұлғын – деген ұшқатты қойнау, ұларлы, ұшпалы ұйық дүр. Жусаны үлбірек, изені табадай, жирені күдірейген түмен белестерден мұнарты-ып тұратын тәңір жер. Алтайдың тұман жамылған жүлгесінің іргелі қиығы осы өңір. Осы бейғажайып мекеннің басы – жайлау, балағы- күзеу, ойпаты қыстау. Бақ тұнған баялыш, ақбұйра өзенді өлкеде Бақытбек Бәміш туыпты. Шудабай бәһадүр зәңгінің табынан. Мен оны “тірідей” тоқсаныншы жылы көрдім! Қан – сөлі жоқ ақсұры, сұрқы сұсты суық, иығынан төмен желбіреген жалбыр шашты, осызаманауи “Баба түкті Шашты Әзиз”!!! Қолтығына қысқаны Мағауиннің екі кітабы… Саусағында бадана тасты жылтырақ жүзігі бар әйтеуір сықиып келіп тұр. Түрінен, қимылынан, шәлт мұрт қойысынан ежелгі massagtai ме, текті Мағауин бе, әйтеуір бір сұлба көрінердей. Өзіне сенімді, күреңкі паң! Ежелгі танысындай ежірейіп келіп әй, шәйсіз “жүр” дейді! Кеудесіне кигені моңғолдық жас сәнқойларға тән құрақ- құрақ қырым күртеше. Кеттік! 
Өзінен гөрі қазақ әдебиетінің күйін шертіп-шертіп жібереді. Көбінесе көңілі толмайды!? Қайда тоқтайтынын да өзі білмейді! Сол кездегі біздер оның танауының астында күнелтіп жүргендей секілді екенбіз!
– Өлеңің жақсы, дейді. Кекірең! Бірақ, өзі ғана оқи жөнеледі екен!? Тіпті алды, артында ешкім жоқтай дес бермей сөйлеуі маған ұнай қоймаған. Есімде қалғаны – “Арауақ” деген өлеңі. Демігіп, сілкініп алады… “Едігенің жырын” – “… Мен бүгінгі түсімде… деп, ербиген мұртын ерінімен көсеп оқиды! Жіпсиген қарақты көзінен жас парлап,кірпігін шылайды! Зуқаның ұрпағы, бандының кейкиген ізі – кейпінен тыс мүлдем көңілшек пәк! О, дүние! Кешу, кешу өтінем!
…Біз сәттен кейін дос болып кеттік. Таңдауы поэзия болса да кезегінде төрт амалдан өрлеп, физматпен шатысқан.Ғылыми задылы шамалы технолог! Ізденісі қонымды өзіне.
Ол, өзін зім кідірлі мір тартпадай шыңай берді. Содан бері біршама заман өтті.Ол,не жазса да шарқатты,шатқалды бұла Бұлғынды сызды, жырлады.Барақат Бұлғынның қарақатының дәміндей өлеңдері кіді! “…Сырқыраған сүйегім, сенің тасың – Бұлғыным…”
Қаракөлдей тұнжыр шумақ! Бақытбектің бір өлеңінен кіші елінің ерлік ісі, санқилы кісілер тағдыры үндесе, бір өлеңінен ермен иісі аңқиды! Азаматтық зердесі өрен биік! Тамаша поэмалар мен кіл өлеңмен роман ұсынды! Әлдебір тосын тақырыппен еңбек қорғады,. Маған бірде – “Айторы ғұмыр” жинағын жолдапты. Мұқабада жағыз тал білте тұр! Өшпейтін шырақ!!!
Бақытбек дос Алматыда ақ еспе жыр кешін ширатпақ.Құтты болсын! Оның бүткіл ғұмыры – өлең!
Айтса да ол баяғыда қоштасарда – қолындағы Мағауиннің кітабының біреуін мұқабасынан сүйіп,маңдайына жұқтырып тұрып маған ұсынған-ды! Ағасының күдір жолымен жортқан бөрі текті ақын аман болсын!

Сұраған Рахметұлы, 12.06.2019ж.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Хуанган Зейнел Шығармашылық кешін ұйымдастырып жатқан Бәмішұлы Бақытбекке өмірінен бақыт,еңбекінен зор табыс тілеп “Бұлғын сұмыны құрметті азаматы” медалымен марапаттаймыз!
    Сұмындық құралтай төрағасы:З.Аманжол
    Сұмын Әкімі:Ж.Бауыржан

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар