//

Қазақтілді медиа тренерлер не үшін керек?

1488 рет қаралды

Алматыда “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен Интерньюс-Қазақстан өкілдігінің MediaCamp бағдарламасы аясында «Медиа ақпараттық сауат» тақырыбындағы тренинг өтіп жатыр. Жобаны USAID қоры қолдап отыр.

Тренингке Қазақстанның түкпір-түкпірінен 15 медиа өкілі қатысуда. Медиа ақпараттық сауат қоғамның қай саласының қызметкері болса да, қанша жас та болса да қажет машық екеніне қарамастан, бұл жолғы тренингке медиа өкілдерін таңдап алдық. Себебі, медиа өкілдерінің қоғамдағы рөлі бәрібір маңызды. Олар ақпараттың жаршысы әрі қоғамдық пікір қалыптастыра алады. Қазіргі қазақ қоғамында қалыптасқан әйгілі блогерлер мен азаматтық журналистиканың көрнекі өкілдерінің негізгі қызметі – журналистика.

Қазіргі қоғамда қолында смартфоны бар кез келген адам ақпарат жасай алады. Ақпараттар тасқынының молаюымен жалған ақпараттар да нөпірге айналды. Қоғам қаншалықты медиа сауатсыз болса, оларды жалған ақпараттың шырмауына соншалықты тезірек түсіруге болады. Өзгелер емес, ақпараттың алғы шебінде жүрген журналистердің өзі медиа ақпараттық сауатты түсінбейді. Сол үшін де кейбір жалған (fake) ақпараттарды ресми ақпарат беттерінен жиі көріп қаламыз. Ақпаратқа сыни көзбен қарау, оның астарында қандай мән жатқанына үңілмей қабылдай беру әдетке айналды.

Қазақстанның 10 өңірінен (Орал, Ақтау, Қызылорда, Жаңақорған, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Нұр-Сұлтан, Талдықорған және Семей) және Алматыдан келген 15 тыңдаушының медиа өкілдері болуының себебі осы. Қатысушылар тек тренингке қатысып қана қоймайды, сонымен бірге үйренген дағдыларын өздерінің өңірлеріне, қызмет істейтін мекемелеріне, студенттерге таратуы тиіс. Ол үшін олардың әрқайсысына 90 минуттық үш тренинг өткізу міндеті жүктеліп отыр. Дәл осы бағытта тренинг өткізіп жүрген немесе өткізе алатын тренерлер саны саусақпен санарлық. Ал қоғамның медиа сауаттылық деңгейі тым төмен. Сол үшін де қазақ тілінде медиа сауат бағытындағы тренерлерді дайындау қажеттігі туындап отыр.

Екі күн бойы қатысушылар тренинг дағдыларына машықтанып, медиа ақпараттық сауат бойынша білімдерін жетілдірді. Тренинг соңында әрбір қатысушы өзінің тренингтік бағдарламасын дайындап, болашақта өткізетін тренингінің сұлбасымен таныстырды.

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар