Қазақ ертегісінің желісімен қойылған «Қаңбақ шал» қойылымы Прагада (Чехия) өткен XIV Дүниежүзілік қуыршақ өнері фестивалінде Бас жүлдені жеңіп алды.
2010ж. 31 мамыр 6 маусым аралығында Дүниежүзілік Қуыршақшылар Ассоциациясы (World Assotion of Puppeteers) аясында Прагада XIV Дүниежүзілік қуыршақ өнері фестивалі (World Festival of Puppet Ars – Prague 2010) өтті.
Аталмыш фестиваль қуыршақ жанры әлемінде ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Фестиваль мақсаты әлемдегі қуыршақ шеберлері арасында шығармашылық байланыс орнату, сондай-ақ симпозиумдар, конференциялар және де басқа қуыршақ жанрының дамуына ықпал ететін шаралар өткізу.
14 жыл бойы фестиваль әлемнің түрлі елдерінен театр ұжымдарының басын қосып келеді. Бұл жылы фестивальге қатысуға 273 өтініш келіп түскен, бірақ сұрыптау комиссиясы 44 елден шығармашылық топтарды таңдап алды. Прагада – қуыршақ өнерінің астанасында Еуропа, Азия және Американың 28 елінен келген 38 театр ұжымдары фестивальге қатысты.
Дүниежүзілік қуыршақ өнері фестивалі – бұл сайыс. Бұл жылы қазақ халық ертігісінің желісі бойынша қойылған «Қаңбақ шал» қойылымы екі номинация бойынша: «Үздік театр декорациясы және қуыршақ дизайны» және «Үздік режиссер» қатысты. Құрамы Жапониядан Мэри Бойд, Алжирден Меда Сида Ахмед, Норвегиядан Кджелл Хелджелэнд және әділқазылар төрағасы Роберт Словениядан Уолтл сияқты қуыршақ жанырының шеберлері құрылған Халықаралық әділқазылар «Қаңбақ шал» қойылымын «Үздік театр декорациясы және қуыршақ дизайны» номинациясы бойынша Бас жүлдемен мараппатады. Театрға дипломды табыстай отырып, қуыршақ жанырының саңлақтары біздің актерлеріміздің шеберлігін, қойылымның сценалық көп көріністілігін және қазақ халқының музыкасының керемттігін атап өтті.
Фестиваль бағдарламасына ресми, бейресми және көшедегі қойылымдар, сондай-ақ семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер мен көрмелер енгізілген. «Қазіргі заманғы қуыршақ өнері» семинарында театр директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері М.Юсуповтың «Қазақстандағы қуыршақ өнері» тақырыбына жасаған баяндамасын шетелдік әріптестердің қызығушылығын тудырды. Баяндамашыға біздің елде қуыршақ жанырының дамуына байланысты көптеген сауалдар қойылды.
Сонымен қатар, театр директоры аталмыш қуыршақ өнері фестивалінің барлық жылдардағы жеңімпаздарының басын қосатын келесі мерейтойлық фестивальіге шақырту алғандығын атап өтті.
Парақшамызға жазылыңыз
[…] This post was mentioned on Twitter by . said: […]