100 теңгемен де жеке кәсіпорын ашуға рұқсат бермек

927 рет қаралды

2627968720_2477d2bb02_mБұдан былай жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру оңайламақ. Бұрындары мұндай коммерциялық ұйым құру үшін белгілі қор болу талап етілетін. Күні кеше парламент депутаттары заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңға өзгерістер енгізді.

Заңды құжат Елбасыға жолданды. Бұрынғы заңдар бойынша шағын және орта бизес құру үшін қалтаңызда кем дегенде 130 мыңға жуық теңге болу шарт еді, енді оны 100 теңгеге өзгертті. Яғни, егер заң күшіне енсе, қалтасында 100 теңгесі бар кез келген азамат заңды түрде өзінің шағын кәсіпорнын тіркей алады.

Орталық Азияның стратегиялық зерттеулер институтының маманы Бақыт Қайрақбай: “Мұндай жеңілдіктің жасалғаны орынды, бірақ қағаз толтыруға кететін шығындарды да есепке алу керек” дейді. Қалай болға күнде де ол нарық ойыншысына айналуға оңайлағанын құптайды.

“Бұл жайт кез келген адамға нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Яғни, кедергілер азайды. Сондықтан бұндай шараның қолға алынғаны дұрыс болды”, – дейді Орталық Азияның стратегиялық зерттеулер институтының маманы Бақыт Қайрақбай. Десе де заң жобасына енгізілген жаңашылдықтың бір кемшін тұсы бар. Жарғылық капиталы өте аз болғандықтан компанияның жауапкершілігі де аз болады. Яғни өмірге бір күндік компаниялар келіп, бизнес әлемінде алдап-арбау қаулап кетуі мүмкін.

Асхат Еркімбай
Сурет mrxbody есімді қолданушы мұрағатынан алынды

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар