//

42500 теңгені төлеу аяқталды

1535 рет қаралды

Мамырдың 15-індегі жағдай бойынша төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған 2,9 миллион адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан екінші төлемді алып үлгерген. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің мәліметі бойынша, әлеуметтік төлемді төлеудің алғашқы кезеңі наурыздың 16-нан  сәуірдің 15-не дейінгі аралықты қамтыған, ал екінші кезең – сәуірдің  16-сынан мамырдың 11- іне дейінгі аралықты қамтиды. Ресми ақпарат бойынша әлеуметтік төлемге қол жеткізгендер сәуірдің 16-сына дейін өтініш беріп үлгергендер. Әлеуметтік төлемнің екінші кезеңіне үміткерлер сәуірдің 16-сынан мамырдың 11- іне дейін өтініш бергендер. Төтенше жағдайдың аяқталуына орай  11-мамырдан кейінгі өтініштер қабылданбайды. 

Мамырдың 5-індегі жағдай бойынша, барлығы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 млн 478 теңге төленген. Ал әлеуметтік төлемді алуға өтініш бергендердің саны – 8 млн 32 мың. 

Әлеуметтік төлемді алуға Алматы облысынан – 1,4 млн, Түркістан облысынан – миллион, Алматы қаласынан  – 897,2 мың,  Нұр-Сұлтан қаласынан – 595 мың,  Шымкент қаласынан – 535 мың адам өтініш берген. Өтініш берушілердің 37 пайызына әлеуметтік төлемді төлеуден бас тартқан. Бас тартудағы негізгі себеп жеке мәліметтердің дұрыс толтырылмауы. Дегенмен, өтініш тапсырған бірақ әлі күнге дейін тиісті органдардан жауап алмаған адамдардың легі өте көп. Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің парақшасында әлеуметтік төлемді ала алмағандардың пікірлерінен аяқ алып жүргісіз. Ал менің көршім сәуірдің 23-інде  берген өтінішінің әлі екінші қадамнан алға жүрмегенін айтады. Сәуірдің 29-ынан бері статусы тек бір рет те жылжымаған.

Жоғарыдағы парақшаны талдай отырып, 42500 теңгені әлі қаншама адамның ала алмай жүргенінің куәсі боламыз. Назарларыңызға сол парақшадан алынған скриншоттарды ұсынып көрелік.

Бұл 42500 теңгені ала алмағандардың бір парасының ғана пікірі. Ал фейсбук парақшасы жоқ, бар болса да Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің фейсбук парақшасының барынан бейхабар қаншама адам бұл өтемақыға қол жеткізе алмай жүр. Дәл қазір бұл мәселені сараптап, анализ жасаған ешкім жоқ. Тек Премьер-министр Асқар Мамин 3 миллион адамның өтініші қанағаттандырылмағанын айтқан. Құзырлы мекемедегілер жәрдемақы ала алмадым дегендерге қайта өтініш беруге кеңес беріп отыр. Ол үшін табысынан айрылғандығын дәлелдейтін құжат пен жеке куәлігін, ал бірыңғай әлеуметтік төлемді төлеушілер оны төлегенін растайтын құжатпен қосып 42500@enbek.kz, 42500@gfss.kz электронды адресіне жолдауды ұсынып отыр.

Есен Байнұр

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар