////

“Bsquared” ЖШС туралы не білеміз?

2385 рет қаралды

Жақында www.malim.kz порталы Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының  «Дін саласындағы профилактикалық жұмыстарға блогерлерді тарту» деген атпен 10 714 285 теңгеге ашық конкурс жариялап оның жеңімпазы ретінде «Bsquared» ЖШС-інің аты аталатындығы туралы жазған еді. www.minber.kz сайты жеңімпаз туралы ақпараттарды жариялауды әрі қарай жалғастырады. 

Конкурс хаттамасы бойынша аталған қызметті алуға 5 компания үміткер болған. Комиссия олардың үшеуін жарамсыз деп танып, “SDC” ҚҚ және “Bsquared” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғана жіберілген. 

“Bsquared” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ресми тіркелген уақыты – 2019 жылдың 11 ақпаны. Жетекшісі Тұрабаев Бейбіт Батырбекович, 1988 жылы туған. Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы мәліметке сәйкес аталған ұйымның үш келісім шарты бар. Үшеуі де бір мекемемен жасалған. Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы. Алғашқы келісім шарт 2020 жылы наурыздың  19-ында 8 571 429 теңгеге жасалған. Алайда, бұл соманы аз деп тапты ма, мамырдың 18-інде дәл сондай сомаға дәл сондай қызметті көрсету мақсатында қайтадан қосымша келісім шарт жасалған. 

Ал үшінші келісім дәл сол мекемемен «Деструктивті діни ағымның ұстанушыларымен жұмыс жүргізу бойынша әдістемелік құралды әзірлеу» қызметін көрсету үшін жасалған. Ол келісім шарттың құны – 2990000.

Аталған ұйым әзірге ешқандай салық төлемеген. 

Тағы бір қызық дерек аталған конкурста екінші орын алған “SDC” қоғамдық қорының құрылтайшысы мен “Bsquared” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшылары бір адам. Тек “SDC” қоғамдық қорының жетекшісі Біржан Қазтуғанов болса, екінші құрылтайшы Тұрабаев Бейбіт. “Bsquared” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде керісінше. Сондай ақ, Тұрабаев Бейбіт осы басқарманың бұрынғы қызметкері. Бұл туралы www.informburo.kz сайтында жазылған.

Өкініштісі, аталған ұйымның қызметіне байланысты өзге дерек ашық дерек қорларында жоқ. 

Есен Байнұр

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар