Белгілі тележурналист,талантты жазушы,аудармашы Серік Әбікенұлы Сарыбаев 1972 жылы 3 қыркүйекте Талдықорған облысының Кербұлақ ауданы, Балғалы ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген. Журналист. «НТК», «31 арна» секілді телекомпанияларда Бас редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Тележурналистикадағы еңбек жолын 1998 жылы «Телефабрика» серіктестігінде бастап, «Анау-мынау», «Айтпақшы» бағдарламаларын шығаруға атсалысқан. 2000-2003 жылдар аралығында «Оңтүстік астана» телеарнасында Бас редакторлық қызметте жүріп, «Сойыл» атты тұңғыш тележобасын жарыққа шығарды. 31 арнаның» «Информбюро» жаңалықтар қызметінде 6 жыл жетекшілік етіп, осы арнада «Тарих безбені», «Тұжырым», «… кім?», «Ел сойылы» сынды жобаларды елге ұсынды. Осы күні ел аузында жүрген «Тілсақшысы», «Пікірлер пирамидасы», «Тарих таразысы», «Тағдыр мен тұлға», «Монолог», «Болмыс», «Тыңдашы, айналайын» бағдарламалары «Қазақ хандығына – 550жыл» 40 сериялы деректі циклінің және тағы басқа көптеген хабарлардың авторы.
2013 жылы «Парасат» саяси-қоғамдық журналының Бас редакторы және 2014 жылдан «Жетісу» телеарнасы директорының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
Серік Әбікенұлы “Жетісу” телеарнасының директоры болып тағайындалды

Соңғы жазбалар
Фото: facebook.com Кешеден бері бір оқиға ақпарат кеңістігінде халықтың басым көпшілігін, әсіресе, журналистер мен азаматтық белсенділерді
Алматыда айтыскер Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр. Bairaqmedia.kz-тің хабарлауынша, бұған қажылыққа ұша алмаған туристердің
Қазақстанда Magnum супермаркеттер желісіне қарсы бойкот бастамасы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, мемлекеттік тілдің ахуалына қатысты пікірталасқа
Фото: Дженнифер Лопес жеке парақшасынан Үкіметтің кезекті отырысында оқиғаларға қатысты туризмді дамытудан күтілетін экономикалық нәтиже ұсынылды. «Астана
Фото: istockphoto.com «Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта
Алматы қаласы Шаңырақ шағынауданында орналасқан 2 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 1 адам қаза болды.
Осыдан бес жыл бұрын тіл жанашыры, кәсіби аудармашы, редактор әрі медиа маманы Назгүл Қожабек «Калькасыз қазақ
Фото: pixabay.com Депутат Еділ Жаңбыршин жануарлар туралы заңға иесіз иттерді ұйықтату керек деп енгізуді ұсынып отыр.
Жәнібек Әлімханұлының елімізде өткізген жекпе-жегін дүйім жұрт күтті. IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын
Астананы ғана емес, барша қазақ даласын дүбірге бөлеген бокс кешінде IBF Intercontinental тұжырымындағы екінші орта салмақта