Қазақ тіліндегі сайттардың саны 8%-ға артты

1269 рет қаралды
4

sabirov [Blog]Соңғы бес жылдың ішінде қазақ тіліндегі Интернет ресурстардың саны 8%-ға артты.

Қазақстан Интернет компаниялары Қауымдастығының төрағасы Шавкат Сабыров (суретте) бұл жайтты қазақ тілінде сөйлесу сәнге айналып келе жатқандығымен түсіндірді.

«Егер 2004 жылы мемлекеттік тілдегі сайттар барлық көлемнің тек 4%-ын ғана құраса, 2009 жылдың соңына қарай бұл 12%-ға өсті. Бұл қазақ тілінде сөйлесу күннен-күнге сәнге айналып келе жатқандығымен байланысты. Сонымен қатар мемлекеттік сайттардың барлығында (шамамен 120) қазақ тіліндегі нұсқасы болуы тиіс» – деді Шавкат Сабыров “Business Resource” тілшісіне берген түсініктемесінде [орыс тілінде].

Интернет Қауымдастықтың мәліметінше орташа есеппен алғанда қазақ тіліндегі ресурстар санының өсуі жылына 20%-ды құрайды. Бір қызығы, аталған уақыт ішінде орыс және өзге тілдегі сайттардың өсу қарқыны 7%-ға азайған.

«Қазақ тіліндегі сайттар бірте-бірте өз аудиториясын жаулай бастады. Мысалы, 2004 жылы Қазнеттегі ресурстың 82%-ы орыс және басқа тілде болатын. 2009 жылдың соңына қарай бұл сан 15%-ға азайды» деді Ш.Сабыров.

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Өсті дегені болмаса өсіп жатқаны қайсы?
    20 пайыз дегені былай ғой. Биыл 5 сайт болады. Келесі жылы сол бесеу алтау болады. Сонда 20 пайызға өскен болады? Бірақ ол өскен көрсеткіштер дамуды көрсетпейді.

  2. өте қуаныштымын.Шынымды айтсам,жасым 50-ден асса да интернет арқылы оқуды енді үйреніп алдым.Біраз сұрақтарыма жауап алдым,өзім пікір жазамын .табыс тілеймін.Өзім біраз қазаққа енді үйтетіп ,көмегімді беремін,өз үлесімді қосамын.

  3. Қоғам жылдан жылға қазақылана беретін болады. Бұл өмір заңы. Бірақ осы процесті жылдамдату үшін өзімізден де, биліктен де пәрменді әрекеттер керек. Оның үстіне қазақылану процесіне кедергі келтіріп отырған фактор аз емес. Оның бастысы – орыс диаспорасының қарсылығы. Ел боламыз десек, осындай-осындай кедергілерді жайпап өтуге тиіспіз. Ал қазақша интернет сайттарының артуы өмірдің бір көрінісі ғана.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар