//

ПЦР тест неге жетіспей жатыр?

1748 рет қаралды

Эпидемиологтар Қазақстан халқын COVID-19 симптомы жоқ болса тест тапсырмауға шақырды 

Коронавирус инфекциясы Қазақстанда енді өршіп жатыр. Төтенше жағдай жарияланған наурыз, сәуір және мамыр айларындағы жағдайман салыстырғанда, маусымда дүние қусырылып, белгісіз тұмаумен, пневманиямен ауырғандардың саны күрт өсті. Өкінішке қарай, көптеген адам коронавирусқа тест тапсыра алмай сандалып жүр. Оның себебі тест жетіспейді. 

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жұмыс орындарынан қызметкерлерін, егер ауру белгілері болмаса, тест тапсыруды талап етуді кейінге шегере тұруға шақырды.

Айжан Есмағамбетова Қазақстанның кейбір аймақтарында КВИ тестінің дефицит боп жатқанын мойындап отыр. Оның мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 56 лаборатория жұмыс істейді. Олар күн сайын 30 мың тест жасайды. 2020 жылдың наурыз айынан Қазақстанда  1,4 миллион тест тапсырылған, оның 80% ақысыз. 

Алматыда тест жетіспеушілігі өткен аптаның аяғында-ақ белгілі бола бастады. Қаладағы 7 лабораторияның біразы жабылып қалды. Себебі реагенттердің жоқтығы. Тест саласындағы ірі ойыншылар «Олимп» пен «Invivo» бүгін жұмыстарын қайта бастауы керек болатын. Әзірге олардан ақпарат жоқ. Әрине, шенеуніктер маусымның 18 іне дейін тест жеткілікті деген ақпарат таратып келген. Мәселен, Денсаулық сақтау вице министрі Ләззат Ақтаева брифингте: 

«Қазір бізде 390 мыңнан астам тест бар. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 200 тест бар. Қазір күніне 28  мың тест жұмсалып жатса, оның санын  30 мыңға жеткізу көзделіп отыр. Алдағы  10 күнде1 миллион 200 мың  ПЦР-тест сатып алу жоспарланып отыр» деген ол. 

Бірақ бүгінгі жағдай мүлдем керісінше картинаны көрсетіп отыр. Тест тапсыру орталықтарында ажиотаж. Адамдар операцияға кіру үшін, босану үшін тест тапсырайын десе, оған мүмкіндік жоқ.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар