///

Дезинфекцияны кімдер жасайды?

3240 рет қаралды

Құрметті оқырман, Сіз бен біздің қалтамыздан масаға қарсы, көртышқандар мен егеуқұйрықтарды жоюға қарсы, қала көшелерін дезинфекциялау үшін қанша қаржы жұмсалып жатқанын білесіз бе? 

Мемлекеттік сатып алулар порталында “AG Disinfection services” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дезинфекциямен айналысатындығының куәсі болдық. Аталған мекеме Атырау қаласында тіркелген. Негізінен осы облыстың аумағында қызмет етеді. Бірақ соңғы қызметін Нұр-Сұлтан қаласында атқаруға келісіпті.

Мәселен, бұл мекеменің мемлекеттік сатып алулар порталында тек биылдың өзінде 516 миллион теңгенің 20 келісім-шарты бар.  Бұл шарттардың екеуі өзгертілген, үшеуі орындалған, қалғандары әрі жұмыс істеп тұр. 

Ең үлкен сома – 134,4 миллион теңгеге жасалған келісім шарт. “AG Disinfection services” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Нұр-Сұлтан қаласында тышқандарды аулау қызметін көрсету үшін 134,4 миллион теңгенің қызметін жеңіп алған. Қызмет көрсету 2020 жылдың 17 мамырында басталған, 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғаспақ. Келісім шарт “AG Disinfection services” жауапкершілігі шектеулі мен “Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы” мемлекеттік мекемесі арасында жасалған. 

Аталған мекеме дәл осы күні Атырау қалалық “Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесімен 65 миллион теңгенің келісім шартын жасаған. Көрсетілетін қызмет – cанитарлық қызмет көрсетулер (дезинфекция, дезинсекция, дератизация және соларға ұқсас). 

Атырау “Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесімен жасаған 50 миллионнан астам теңгенің келісім  шарты Атырау қаласының жағалауларындағы көшелердің жаяу жүргіншілер тротуарларын және жаяу жүргіншілер тротуарларын дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін жасалған.Тағы осындай қызмет көрсету үшін 36 миллион теңгеге келісім шарты жасалған. 

Бұл тізімнен тағы 134,4 миллион теңгенің келісім шартын таба аласыздар. Бұл келісім шарт 2020 жылдың ақпан айында”Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы” мемлекеттік мекемесімен жасалған. Алайда, маусымда дәл осындай сомаға тағы қосымша келісім шарт жасалған. 

Мекеменің жетекшісі Оразова Айжан Нұрлыбекқызы. 1994 жылы дүниеге келген. 26 жаста. Мемлекеттік сатып алулар порталында 2016 жылдан бастап тіркелген. Заңды мекенжайы Атырау қаласында. Портал мәліметі бойынша, 2014 жылдан бастап салық төлеп келеді. Бірақ 2018, 2019 жылдары төлеген салықтары туралы мәлімет жоқ. Ең көп салықты 2016 жылы төлеген, 17 011 650 теңге. Компанияның өз сайты болғанымен, онда мемлекеттік сатып алулар қызметі туралы ақпарат жоқ. Тек коммерциялық мақсаттағы ақпараттар берілген. 

Атырау қаласына карантин кезінде дезинфекция жасауды жеңіп алған келесі мекеме “Атырау облыстық Дезинфекция” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Атырау қаласындағы блок бекеттерді, тротуарлар мен көшелерді дезинфекциялау үшін бюджеттен 85 миллион теңгенің келісім шартын жасаған. Келісім шарт жасасқан мекеме “Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі. 

Мекеменің жетекшісі КОЩАНОВ БАУЫРЖАН ТАЛПАКОВИЧ, 1961 жылы туған. Портал мәліметі бойынша, 2014 жылдан бастап салық төлеп келеді. Бірақ 2018, 2019 жылдары төлеген салықтары туралы мәлімет жоқ. Ең көп салықты 2016 жылы төлеген, 20 583 850 теңге. Компанияның арнайы веб сайты жоқ. 

Атырау қаласына дезинфекция жүргізген келесі мекеме – “Prof DEZ Centre” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі “Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесімен 75 миллион теңгенің келісім шартын жасаған. Мемлекеттік сатып алулар порталында 2016 жылдан тіркелген. 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар