“COVID-19” вирус кезіндегі шектеулер әлемдегі шағын және орта бизнеске кері әсерін тигізді.
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше карантиндік жағдайдың себебінен банкроттық жағдайдың алдында тұрған кәсіпорындардың саны – 436 миллионнан асып түседі.
Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау үшін” құрылған “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің арасында сауалнама жүргізген. Сауалнамаға қатысқан 8228 шағын және орта бизнес субъектісінің (бұларда 131 мың адам еңбек еткен) 10 пайызы 12 мың қызметкерін жұмыстан шығаруға, ал 35 пайызы 46 мың адамды ақысыз еңбек демалысына жіберуге мәжбүр екенін айтқан.
Шағын кәсіп иесінің бірі – Сандуғаш Жолдубай. “San Design” ательесі арқылы тігін курсын жүргізеді. Тігінмен айналысқанына 7 жыл болды. Карантиннің Сандуғаш ханымның шағын кәсібіне әсері жайлы сұхбаттастық.
Парақшамызға жазылыңыз
осындай мақала үшін рахмет