//

Коронавирус жұқтырып қайтыс болған, бірақ ресми статистикаға кірмеген 101 адам бар

1674 рет қаралды
фото www.azh.kz

Бәріңіз байқаған боларсыз, 29 маусымнан бері COVID-19 өлімі туралы ақпарат берілмей жатыр. Бүгін денсаулық министрі Алексей Цой мұны әдейі істеп отырғанын айтты. Министрдің бұл шешімді қалай негіздегеніне қараңыз: “Комиссия өлімнің себебін кісі қайтыс болғаннан кейін анықтайды. Біз кісінің коронавирустен өлгенін бір-екі күн кешігіп білеміз. Сол себепті біз мұны апталық форматта хабарлауды жоспарлап отырмыз.”Енді себеп-салдарлық байланысқа қарайық. Коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПЦР тесттің нәтижесі бір күнде шықпайтыны анық. Үкімет “кеше 314 адамнан КВИ анықталды” десе, ол 314 адам анализді кеше емес, алдыңғы күні емес, бірнеше күн бұрын тапсырған болады. Ендеше біз COVID-19 инфекциясын жұқтырғандарды да кешігіп біліп жатырмыз. Аурудан жазылғандардың статистикасы да дәл осы тәртіппен жаңарады. Демек COVID-19 дерегін күнде жаңартпаудың себебін вирус жұқтырғандар мен жазылғандарға да қолдануға болады. Солай ғой? Әлде қателесіп тұрмын ба?Кешігіп білу статистиканы айтпауға себеп болса, онда неге вирус жұқтырғандар мен аурудан жазылғандарды апта сайын жаңартпайсыздар?Ал әлемде COVID-19 өлімін күнде жаңартатын елдер ПЦР нәтижесін міндетті түрде сол күні біліп жатыр ма? Күмәнім бар.

Кісі бір күн бұрын қайтса да, бір апта бұрын қайтса да, анализ нәтижесі бүгін шықса, неге “Коронавирустан қайтыс болған пәлен адам анықталды” деп бере бермейді. Мәселе неде? Біздің үкімет осы халықпен коммуникация жасауды білмейді не біле тұра білмеген болады (соңғысы басым сияқты). Сірә, кісіге өлім тілемейміз ғой. Алайда фейсбуктың некролог алаңына айналуы жағдайдың өте нашар екенін көрсетсе керек. Мұндайда қанша жаман болса да, шындықты білген абзал. Коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандардың арасында статистикасына кірмей жатқандардың барын үкіметтің өзі де мойындады.

Алексей Цой бүгін коронавирус жұқтырып қайтыс болған бірақ ресми статистикаға кірмеген 101 адамның барын айтты. Мұның өзін үкіметіміз өз еркімен айта қоймады. Журналистер коронавирус зиратында ресми деректегіден көп адам жерленгенін әшкерелеген соң ғана мойындауға мәжбүр болды. Бұдан бөлек пневмония жұқтырып қайтыс болып жатқандар да күрт артқан. Цойдың айтуынша, елде 1 шілденің өзінде пневмониядан 20 адам қайтыс болған. Бұл адамдар коронавирустан қайтыс болғандар тізіміне кірмеген.

Дархан Өмірбектің фейсбук парақшасынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар