//

ПЦР тестіні қайда және қалай тапсыруға болады?

4663 рет қаралды
Фото: www.kaztag.kz

Пациенттер ПЦР тестіні ақылы және ақысыз тапсыра алады. Ақысыз сынама Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен жасалады. Егер, сізде Covid-19 эпидемиясының симптомдары бар болса, өзіңіздің дәрігеріңізге хабарласыңыз. Сізде жоғары температура, мұрын бітуі және тыныс алудың қиындығы секілді симптомдар бар болса немесе коронавирус жұқтырған адамдармен жақын қарым-қатынаста болған болсаңыз, онда тестіні тегін тапсыруға мүмкіндігіңіз бар. 

Егер бұл симптомдар сізде жоқ болса, коронавируспен ауырған адамдармен қарым-қатынасқа түспесеңіз де, бірақ бұл дертпен ауыратын-ауырмайтыныңызды білгіңіз келсе, ақылы түрде тестіден өтуіңізге болады.  

Сонымен Алматы қаласында ақысыз және ақылы тестерді қайда тапсыруға болады: 

Алматыда Болат Өтемұратов қорының қолдауымен ПЦР сынамасын тапсыруға арналған лабораториялар желісі ашылды. «Атакент» көрме орталығының бір павильонында орналасқан. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында бұл скринингтің операторы «Ұлттық сараптама орталығы». Ақысыз тестіні жоғарыдағы адамдардан өзге төмендегі категорияға жататын адамдар тапсыра алады: 

  • Жұмыссыздар;
  • Тұрмысы төмен отбасылар;
  • Көп балалы отбасы мүшелері;
  • Аяғы ауыр әйелдер;
  • Мүмкіндігі шектеулі жандар;
  • Ауруханаға жатқызылуы тиісті пациенттер;
  • Тыныс алу органдары, эндокрин және жүрек қан-тамыры жүйелері ауыратын 50-ден асқан пациенттер; 
  • спецконтингент, эпидемияға қарсы шараларға қатысушы әкімшілік қызметкерлері, волонтерлар, белсенділер және патруль қызметкерлері;
  • қарттар үйі, интернат және өзге де арнайы мекемелерде тұратын азаматтар
  • мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері.

Сынамаға жазылу онлайн  немесе 8 (7273) 82-35-65 нөмірі бойынша жазылуға болады. 

Ақылы тест:

Коронавирус инфекциясына сынаманы ақылы тапсыруға болады. Мекен-жайлары: 

  • “Ұлттық сараптама орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны: Жібек жолы көшесі, 3. 8 (727) 382-35-65, 8 (727) 259-00-77 телефондары арқылы жазылуға болады. Ресми сайт. Тест құны – 11 500 теңге.
  • “Medical Partners Korea Clinic” ЖШС: «Нұрлы тау» аумағында орналасқан, Қазыбаев көшесі, Әл-Фараби көшесінен төмен. Жазылу ресми сайт арқылы жүргізіледі. Өтінім формасын  толтыру керек: Тест құны – 15 500 теңге. 
  • “Медикер” ЖШС: Сәтбаев көшесі,  18а. Жазылу 8 (701) 034-57-26, 8 (701) 034-57-23 телефондары арқылы жүргізіледі.   Ресми сайт. Тест құны – 19 000 теңге.
  • “Invivo” ЖШС:  Қарасай батыр көшесі, 123. Жазылу 8 (727) 258-83-83, 8 (778) 769-38-81 телефондары арқылы жүзеге асады. Ресми сайт. Тест құны – 18 500 теңге.
  • “Олимп” ЖШС: Халиуллин көшесі, 32,  Сейфуллин даңғылы, 549, Жандосов көшесі 1в, Байзақов көшесі, 221/155, Гагарин көшесі, 236б. Жазылу үшін  өтінім формасын    толтыру керек немесе  8 (701) 961-73-07 нөмірі арқылы жазылу керек. Ресми сайт. Тест құны – 15 940 теңге.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар