Ертең, яғни 6 шілде Нұр-Сұлтан қаласының 22 жылдық және ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойы. Қазақстанда коронавирус пандемиясының өршуіне орай Нұр-Сұлтан қаласының күнін тойлау түгелдей онлайн форматқа көшірілгені туралы айтылған еді.
Дегенмен, біраз мерекелік шара карантин талаптарын сақтай отырып өткізілмек. Жабық мекемелер мен концерт залдарындағы мерекелік шараның бәрі тоқтатылды.
3-4 шілдеде сағат кешкі 7.00-де өнер жұлдыздары автобустарда және теплоходтарда “Құттық TIMES Astana” атты шараға қатысты.
1- 6 шілде аралығында “Нұрлы жолмен» атты көше мәдениетінің көрмесі жоспарланған.
1- 6 шілде аралығында астананың орталық саябағында кешкі сағат 18:00 “Мерекелік сахна” концерті жоспарланған. Ашық аспан астында көрермендерге театрландырылған көріністер мен шоу-бағдарламалар, интерактивті ойындар және әр түрлі жанрдағы музыканың сүйемелдеуімен балаларға арналған бағдарламалар жоспарланған.
1, 5 және 6 шілдеде сағат 15:00 ден 19:00ға дейін тұрғын үйлердің ауласында, саябақтар мен скверлерде “Думанды Сарыарқа” шарасы өтеді.
5-6 шілдеде сағат 10:00 да Botanic Garden Eco Festival – экоконкурсы өтеді
5-6 шілдеде сағат 11:00ден 21:00ге дейін “Отбасы мерекесі” фестивалі жоспарланып отыр.
1-6 шілдеде сағат 21:30да Nur-Sultan autocinema festival өтеді.
1-7 шілдеде 19:00ден 23:00ге дейін астана саябақтарында ашық аспан астында KINO SPACE кинотеатры біраз фильмді көрсететін болады.
4, 5 және 6 шілдеде сағат 10:00де Орталық саябақта ART CAMP граффити-фестивалі жоспарланған.
5 және 6 шілдеде сағат 19:30да ретроавтомобилдер көрмесі “АВТОФЕСТ” өткізілмек.
6 шілде – Қайрат Баекенов пен “Формат” тобының концерті өтпек.
«Азаттық» радиосының қала күнін тойлауға қанша қаржы бөлінгені туралы сауалын Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жауапсыз қалдырған. Ал желіде қала күнінде Нұр-Сұлтан қаласын тек безендіруге 1,1 миллиард теңге бөлінгендігі туралы ақпарат кезіп жүр. Бірақ, ол туралы ресми ақпарат жоқ.
Парақшамызға жазылыңыз