///

Алматы қаласында дезинфекцияны кімдер жасайды (соңы)

4492 рет қаралды

www.minber.kz сайты коронавирус пандемия кезіндегі сатып алуларды зерттеуді жалғастырады. Алматы қаласындағы барлық сегіз ауданның алтауына бөлінген қаржыны таптық. Соның өзі сіз бен біздің қалтамыздан бөлінген қаржының бір парасының қайда кеткенінен хабар берсе керек. Қазір наурыз, сәуір айларындағыдай дезинфекция жасап жүрген адамдарды көрмейсіз. Алайда мамыр және шілде айларында тағы да миллиондаған қаржы осы мақсатқа бөлінген. Ал сіздің кіреберісіңізге дезинфекция қаншалықты жиі жасалады?

Алматы қаласы Медеу ауданында орналасқан көп пәтерлі үйлердің кіреберістерін дезинфекциялық өңдеу қызметтерін жасайтын “Expert Management” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Мемлекеттік сатып алулар порталында төрт келісім шарты бар. Төртеуі де “Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жасалған. Екеуі негізгі, екеуі қосымша. Алғашқы келісім шарт Наурыздың 26-сында 30 миллион теңгеге жасалған. Мамыр айының 4-інде жасалған қосымша келісімнің құны – 32 миллион теңгеден асады. Мамыр айының 15-cінде 65 миллион теңгенің келесі келісім шарты жасалады. Бұл келісім шартқа қосымша келісім шілденің 1-інде жасалады. Оның құны да 65 218 794 теңге. “Expert Management” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы құны – 193858868 (193 миллион теңгеден асады) теңгенің келісім шартын жасаған. “Expert Management” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік сатып алу порталында 2016 жылдан тіркелген. 2015 жылдан салық төлеп келеді. Ең көп салық төлеген жылы – 2017 жыл (3313480 теңге). 

Алматы қаласы Түркісіб ауданында орналасқан көп пәтерлі үйлердің кіреберістеріне дезинфекциялық өңдеу қызметтерін жасайтын “SANTRADE” компаниясы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Мемлекеттік сатып алулар порталында биыл төрт келісім шарты бар. Төртеуі де “Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жасалған. Алғашқы келісім шарт Наурыздың 26-сында 22 миллион теңгеге жасалған. Келесі қосымша келісім 21 миллион теңгеге мамырдың 4-інде жасалған. Мамырдың 14-інде осы басқармамен 44 миллион теңгеге келесі келісім жасалған. Шілденің 1-інде қосымша келісім жасалғандығы туралы айтылған. Ол қосымша келісімнің құны – 45 миллионнан асады. Сөйтіп Түркісіб ауданында дезинфекция жасау үшін 132 миллион теңгенің келісім шарты жасалған.  

“SANTRADE” компаниясы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік сатып алулар порталында 2016 жылы тіркелген. 2014 жылдан салық төлеп келеді. 2017 жылы 84 миллион теңгенің салығын төлеген. 

P.S. Сонымен Алматы қаласының бюджетінен Алматы қаласындағы көп пәтерлі үйлерге дезинфекция жасауға бөлінген қаржы туралы зерттеуіміз аяқталды. Бостандық ауданына бөлінген қаржыны таппадық, Наурызбай ауданына дезинфекция жасауды Жетісу ауданына дезинфекция жасаған «IC Development» ЖШС өз мойнына алады. Бірақ мемлекеттік сатып алулар порталында бұл мекеменің Наурызбай ауданына дезинфекция жасайтыны туралы ақпарат жоқ. Дегенмен ең үлкен соманың келісім шартын жасаған да осы мекеме.

Алты ауданның дезинфекциясына бөлінген қаржы – 1 миллиард 171 миллион теңге. Төменде әр ауданға бөлінген қаржының инфографикасын ұсынамыз.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар