//

Алматы облысында 150 медицина маманы жетіспей жатыр

2629 рет қаралды
Батыржан Байжұманов

 «Birgemiz Jetisy» қорына осы уақытқа дейін бизнесмендерден 160 миллион теңге қаржы түскен екен. Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың айтуынша, ол қаржыға осы көктемде облыс аумағында бір зертхана ашылып, екі жедел жәрдем көлігі алынған. Ал қалған қаржыға Талдықорған қаласынан екінші зертхана ашу жоспарланған. 

  Сондай-ақ Covid-19 күрес шаралары жөніндегі онлайн брифингте Батыржан Байжұманов,  қазір облыста 2517 адам пневманиямен ауырып жатқанын, оның  ішінде 86 адамның  жағдайы ауыр екенін айтты.

 Жалпы Талдықорған қаласында 530 орынға арналған 5 провизорлық орталық жұмыс істеп жатыр, онда қазір 433 адам ем қабылдауда.  Облыста 200 ИВЛ аппараты бар, Батыржан Байжұманов бұған қоса тағы 77 ИВЛ аппарат алуды жоспарлап отырғанын айтып, жергілікті бюджеттен тағы 100 ИВЛ аппарат алуға қаржы бөлуді қарастырып жатқанын айтты.  

 Брифингте айтылғандай дәл қазір Талдықорған қаласының өзіне 30-40 маман керек. Қазір 4 реаниматолог жұмысқа кірісті. Жалпы облыс бойынша  150 медицина маманы жетіспейді.  

 Облыста 20 мың уақытша жұмыс орнын ашу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген, ондағы орташа жалақы 43 мың мен 80 арасында болады. Жұмыспен қамту орталығына хабарласу арқылы осы жұмысқа орналасуға болады. 

Сонымен қатар, брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиологиялық орталықта емделіп жатқаны, жағдайының жақсы екені айтылды.   

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар